Солтүстік Қазақстан облысына келген Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы жанындағы сыбайлас жемқоролыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Ерлан Сайыровтың партия активімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин Қазақстанның «Ардагерлер туралы» заңын жетілдірілуін, «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқоролыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі, жеке кәсіпкер Екпін Әбиев кез-келген азамат зейнетке шыққан кезде өзінің жинаған зейнетақы төлемдері бірден төленуі тиіс деген ұсыныс жасады.
«Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Сәлімхан Сәбитов қоғамдық бақылау картасына (87075641424 – WhatsApp нөмірі) түсетін мәселелердің бірі: ресми түрде жұмысқа орналасқан 1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар заң бойынша зейнетақы төлемдерінен бас тартуға құқылы, бірақ олар несие алғысы келген кезде банк соңғы 6 айдағы зейнетақы төлемдері туралы анықтаманы талап ететінін атап өтіп, осы мәселені де қарастыруды ұсынды.
Мәжіліс депутаты жиында көтерілген мәселелердің шешімін табуға ат салысатынын жеткізіп, өтініш иелеріне жазбаша жүгінуді ұсынды.
Сондай-ақ Конституцияға енгізілетін өзгерістердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, жиналғандарға жіліктеп түсіндіріп берді. Ерлан Сайыров референдумға дайындық барысын сұрап біліп, қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.
[xfvalue_img]
21 пікір