СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 17 сыбайлас жемқорлық қылмысын тіркеді
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығы жұмысының жандануына байланысты Ашық есік күні барысында келушілердің сұрағына жауап ретінде мәлімдеді.
«Пандемия кезінде орталықтың жұмысы гибридті түрде, яғни онлайн және офлайн форматтарда жүзеге асырылды. Карантин шаралары алынып тасталғаннан кейін біз есігімізді қайта аштық. Орталықтың негізгі мақсаты азаматтарды кедергісіз қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады», - деді Нұрлан Жахин.
Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан азаматтарды қорғайтын ашық, кәсіби және тиімді құқық қорғау органы болу үшін тиісті шаралар үнемі қабылданатынын атап өтті.
«Департаментпен 2022 жылдың бірінші тоқсанында 20 қылмыс тіркелді, оның ішінде 17-сі сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша. Белгіленген шығын сомасы шамамен 230 млн. теңгені құрады. Бүгінгі күні 147,5 млн. теңге өтелді», - деп жеткізді Нұрлан Жахин.
Бұдан әрі ведомство қызметкерлері келушілер мен Қозыбаев университеті заң факультетінің студенттерін сервистік орталықтың негізгі функцияларымен таныстырып, тергеу бөлмесін көрсетті, құқық қорғау органына қызметке орналасу рәсімі және азаматтар сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы хабарлай алатын 1424 Call-орталығының қызметі туралы айтып берді.
«Antikor ortalyǵy» сервистік орталығы Петропавл қаласы Интернационал көшесі, 60 мекенжайы бойынша орналасқан. Орталықтың жұмыс кестесі: дс-жм, сағат 09:00-ден 17: 00-ге дейін.
[xfvalue_img]
7 пікір