Түзеу мекемесінің психологы сотталғандарға «Ертегі терапиясын» жүргізді
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің психологы Кеңес Салтанат сотталғандармен «Ертегі терапиясы» атты топтық жұмыс жүргізді.
Ертегі терапиясы- ішкі психологиялық мәселерді шешу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сыртқы әлеммен өзара әрекеттесуді жақсарту үшін ертегі формасын қолданатын әдіс.
Шараға қатысқан сотталғандар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықтарға мойымай, қиналмай өтуіне ертегі терапиясының рөлі зор екенідігін айтты.
«Ертегі терапия– бұл кез-келген басқа да психотерапия сияқты, жан дүниені тану және емдеудің түрі. Ертегі терапиясы мінез-құлықтың негативтік формаларын директивті өзгертеді. Яғни, жақсы нәрсеге үмтылуға, болашаққа сенімін нағайтады. Бүгінгі тренингтен жақсы әсер алған сотталғандар халық ертегілеріне талдау жасап, өзара пікір алмасты»,- деді психолог маман.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
36 пікір