Антикор көліктік бақылаудың 4 қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - агенттіктің СҚО бойынша департаменті) 4 көліктік бақылау қызметкері мен 2 кәсіпкерге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Өткен жылы жоғарыда аталған саладағы бұзушылықтар үшін 3 қызметкер сотталды. СҚО көліктік бақылау инспекциясының (бұдан әрі - Инспекция) бөлім басшысы мен бас маманы 3 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ Көлік комитетінің бас сарапшысына 30 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бұл туралы көлікті бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдаудың қорытындысын талқылау бойынша Агенттіктің СҚО бойынша департаменті басшылығының инспекция басшылығы және қызметкерлерімен, сондай-ақ өңірдегі тасымалдаушылар мен құрылыс салушылардың ірі компанияларының өкілдерімен кездесуі барысында хабарланды.
Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин талдау барысында инспекцияның функцияларын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер ғана емес, сондай-ақ бақылау міндеттерін орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру да егжей-тегжейлі зерделенгенін атап өтті.
Бұл ретте, тәуекелдер бірнеше негізгі проблемалық аймақтарға бөлінді, бұл: процестерді цифрландырудың төмендігі, әкімшілік жауапкершілікке тартпау бойынша бизнестің белгілі бір субъектілеріне артықшылық көрсету (әкімшілік жауапкершілікке тартпау, айыппұл сомасын төмендету, әкімшілік өндірісті) және т. б.
Сонымен қатар, жүк жөнелтушілердің жауапкершілігін қарамай, тек көлік құралдарының жүргізушілерін жауапкершілікке тарту бойынша бұзушылықтардың жүйелі фактілері анықталды.
Нұрлан Жахиннің айтуынша, Инспекция қызметінде соңғы үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін лауазымды тұлғаларды қылмыстық қудалау шеңберіне тарту тәжірибесі тоқтаған жоқ. Сонымен қатар, бизнес субъектілері тарапынан сыйақы туралы ұсыныстар фактілері де бар.
Департамент барлық анықталған 25 сыбайлас жемқорлық тәуекелі бойынша процестерді автоматтандыру арқылы да, көліктік бақылау жұмысын регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу арқылы да жоюға тиісті ұсынымдар әзірледі.
Тәуекелдерді жоюдың жүйелі тәсілі өңірде ғана емес, Көлік комитетінің орталық деңгейінде де барлық ұсынымдар орындалғаннан кейін сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға мүмкіндік береді.
[xfvalue_img]