Солтүстік Қазақстан облысының көліктік бақылау маманы пара алғаны үшін ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көлік бақылау инспекциясы» РММ-нің маманына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ол Ресей Федерациясының жеке кәсіпкерінен бұрғылау қондырғысын облыс аумағында кедергісіз тасмалдау және әрі қарай жалпы қамқорлық көрсету үшін 500 мың теңге сомасында пара алуда күдікке ілінді.
Күдікті Петропавл қаласының Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктіге қатысты соңғы шешімді оның кінәсінің дәрежесін анықтаумен сот шығарады.
СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі
[xfvalue_img]