Департамент бастығы жеке кәсіп ашқан сотталғандарды марапаттады
ҚАЖ департаментінің аумақтық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмектер белсенді көрсетіліп келеді. Пробация есебіндегі сотталғандардың басым көпшілігі жеке кәсіпке бет бұрған. Бұл пробация инспекторлары мен жергілікті атқарушы органдардың бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі. 2021 жылы пробация есебінен өткен 47 сотталған «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде оқу курсын оқып, жоба аясында бизнес жоспар құрып, комиссияның оң нәтижесіне ие болып, мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алып, жеке кәсібін ашқан.
Қоғамнан өз орнын тауып, түзелу жолына түсіп жеке кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтар Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет подполковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлының бұйрығымен Алғыс хатпен марапатталды.
« 2021 жылы «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде оқу курсын оқып, сертификат алып, мемлекет тарапынан қайтарымсыз кредит алдым. Қазір мал шаруашылығымен айналысып жатырмын. Жеке кәсіп ашуыма себепкер болған пробация бөліміне алғысым шексіз»,- деді есептегі азамат.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
7 пікір