Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау жөніндегі меморандум іске асырылуда
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.
Мемлекеттік органдардың еңбек заңнамасы мен Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесі қағидаларын және оларды үстеме жұмысқа тарту тәртібін бұзудың жолын кесу, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мен Ақмола облысының еңбек инспекциясы басқармасы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
"Тараптардың ынтымақтастығы ақпарат алмасу, оның ішінде ұсынымдар, талдамалық шолулар, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, іс-шараларды ұйымдастыру, жұмыс топтарын құру арқылы, оның ішінде халықаралық тәжірибені зерделеу және заңнаманы жетілдіру үшін және тараптар үшін қолайлы және заңнамаға қайшы келмейтін өзге де нысандарда іске асырылуы мүмкін", - делінген аталған құжатта.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік органдардың еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша бақылау және алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде Инспекция қажет болған жағдайда Департамент қызметкерлерін тарта алады. Бұдан басқа, Меморандум шеңберінде мемлекеттік органдарда жұмыс уақытының сақталуын бақылау жүзеге асырылады, ал бұзушылық фактілері анықталған жағдайда оларды жою бойынша шаралар қабылданады.
Меморандумды іске асыру аясында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында инспекция жұмысының қорытындылары қаралып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауды одан әрі қамтамасыз ету үшін ұсынымдар әзірленді.
Жазира Сейтмағанбетова, ҚР МҚІА Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы
[xfvalue_img]
19 пікір