Қызметкерлердің құқығын сақтау - басты мақсат

Қызметкерлердің құқығын сақтау - басты мақсат

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда қызметкерлерге қатысты еңбек заңнамасының талаптары сақтала бермейтіні баршаға мәлім.

Атап айтсақ, қызметкерлердің жұмыс уақыты аяқталған соң да жұмыс орнында болуы, демалыс және мереке күндері жұмысқа келуі. 

Бұл өз кезегінде, қызметкерлер тарапынан жұмысқа деген құлшыныстарын төмендетуге апарып соғады. Сонымен қатар, басқа жұмысқа ауысуына да басты себептердің бірі болып табылады.

Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ мен «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ арасында үстіміздегі жылы мемлекеттік органдардың еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының сақталуы бойынша, мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тарту, еңбек тәртібін бұзуға жол бермеу, еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларын сақтау жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған.

Меморандумға сәйкес мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік органдардың еңбек заңнамасының талаптарын сақтауы бойынша бақылау және профилактикалық іс-шараларды бірлесіп жүргізу көзделген.

Тиісті іс-шараларға ашықтықты орнықтыру үшін қоғамдық ұйым өкілдері де тартылатын болады.

Аталған шараларды өткізу қызметкерлердің құқығын қорғауға, еңбек заңдылығын бұлжытпай сақтауға, қатардағы қызметкерлердің жұмысқа деген белсенділігі мен жұмыс өнімділігін арттыруға септігін тигізеді деген сенімдеміз.

Б.Кеншімбаев,

ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.