1 қаңтардан бастап жаңа арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланумен арнаулы салық режимі енгізілді
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланумен арнаулы салық режимі енгізілгенін хабарлайды.
Осылайша, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 686-2-бабына сәйкес арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланумен арнаулы салық режимін жеке кәсіпкер Салық кодексінің 683-бабында шағын бизнес субъектілері үшін белгіленген шарттарға сәйкес келуден бөлек:
1) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
2) қызметін өзіндік кәсіпкерлік нысанында жүзеге асыратын;
3) мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
сылақ жұмыстарын;
ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;
еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;
бояу және шынылау жұмыстарын;
такси қызметін;
автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;
сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;
фотография саласындағы қызметті;
аударма (ауызша және жазбаша) ісін;
мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;
көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;
ойын-сауық және спорттық мүкәммалды прокаттауды және мүліктік жалдауды (жалға беруді);
бейнежазбалар мен дискілерді прокаттауды;
өзге де жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокаттауды және мүліктік жалдауды (жалға беруді);
ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;
есептеуіш техниканы қоса алғанда, офис машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;
спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
мәдениет саласында көрсетілетін білім беру қызметтерін;
өзге де білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
қосалқы білім беру қызметтерін;
өнер саласындағы қызметті;
компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;
коммуникациялық жабдықты жөндеуді;
жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;
шаштараз қызметтерін;
маникюрді және педикюрді;
ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;
жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;
музыкалық аспаптар жасауды және жөндеуді;
үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын;
4) Салық кодексінің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын дара кәсіпкерлер арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.
Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимі таңдалған күн арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану басталған күн деп есептеледі.
Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимінен басқа арнаулы салық режимдеріне немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысқан кезде қолданылатын салық салу режимі туралы тиісті хабарлама ұсынылған айдың соңғы күні режимнің аяқталған күні болып табылады.
Хабарлама нысандарын бекіту туралы бұйрық ҚР Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 желтоқсанда № 1346 тіркелгенін ескере отырып, осы уақытқа дейін ақпараттық жүйелерде хабарламаны пысықталуда, осы арнаулы салық режиміне көшуге ниет білдірген тұлғалар мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған нысан бойынша хабарламаны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы да, пошта арқылы да немесе тікелей қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсына алады.
Мемлекеттік кіріс органдары хабарлама нысанын пысықтағаннан кейін тиісті мерзімдерде арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланумен арнаулы салық режиміне көшу туралы хабарлама ұсынған салық төлеушілерді ауыстыру қамтамасыз етілетін болады.
Қосымша анықтама алу үшін (7292) 30-13-10 қосымша 1147 нөмірі бойынша Арнайы салық режимдерді әкімшілендіру бөліміне хабарласуға болады.
[xfvalue_img]
24 пікір