100 шақты студент Жас мемлекеттік қызметшілер мектебін сәтті аяқтады
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің жұмысын жалғастыруда, оның миссиясы мемлекеттік қызметке талантты, білімді, жасампаз жастарды тарту болып табылады.
Биыл мектепте А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің, Гуманитарлық-техникалық академияның бітіруші курстарының 96 студенті білім алды.
Сабақтар Мемлекеттік қызметшілерді, тәжірибелі практиктерді, оқытушыларды, психологтар мен бизнес-жаттықтырушыларды тарта отырып, онлайн форматта өтті. Студенттерді мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға, адамгершілік мінез-құлық пен мемлекеттік қызметтегі мінез-құлыққа, мемлекеттік органдардағы жұмыс дағдыларына үйретті, мемлекеттік қызметтің негізгі аспектілері, әлеуметтік кепілдіктер, мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтығы, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқу мүмкіндіктері туралы айтты.
Оқыту қорытындысы бойынша барлық тыңдаушыларға сертификаттар берілді.
Айта кету керек, мектеп жұмысы 2018 жылы басталып, содан бері оны 299 студент бітірді.
Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының алдында бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, кәсіби білікті мамандар даярлау міндеті тұр. Департамент, ЖОО және мемлекеттік органдар арасында 2019 жылы үшжақты меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында жоғары оқу орындарының соңғы курс студенттерінің мемлекеттік органдарда кәсіптік практикадан өтуі ұйымдастырылады.
Департаменттің оқу орындарымен үйлесімді жұмысының арқасында студенттер мемлекеттік қызметтің құндылықтары мен қағидаттарын түсінеді, кәсіби құзыреттер қалыптастырады және біліктіліктерін арттырады.
Жазира Тоқтар, ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз хатшысы
[xfvalue_img]