Бітіруші курс студенттері Ақмола облысының жас мемлекеттік қызметшілері мектебіне қабылданды

Бітіруші курс студенттері Ақмола облысының жас мемлекеттік қызметшілері мектебіне қабылданды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметке талантты, білімді, болашағы зор жастарды тартуды көздейтін Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің жұмысын қайта жандандырды.

Мектептің алғашқы жұмысы 2018 жылы басталған, содан бері оны 205 студент аяқтады. Биыл мектепке А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің, Гуманитарлық-техникалық академияның 100 шақты студенті қабылданды.

Бүгін А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің қабырғасында Департамент басшысы Берген Беспалинов, университет ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик Сағынтай Елубаевтың, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Ләззат Кәрімованың, бітіруші курс студенттерінің, профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен мектептің салтанатты ашылуы өтті.

Мектеп тыңдаушыларын құттықтай отырып, Берген Беспаликов мамандық таңдау-кез келген адамның тағдырын айқындайтын күрделі және жауапты қадам екенін атап өтті.

«Бұл таңдау мүмкіндігінше саналы, қоғамның мүдделеріне сай болуы керек. Департамент мемлекеттік қызметшілер қатарында елге қызмет етуге дайын жас мамандарға жәрдемдесуге дайын» - деп атап өтті Б.Беспалинов.

Студенттер үшін кіріспе дәріс өткізіліп, оларға мемлекеттік қызметтің негізгі аспектілері, әлеуметтік кепілдіктер, мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтығы, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқу мүмкіндіктері туралы айтылды. Университет ректоры Сағынтай Елубаев мектепте білім алу студенттер үшін одан әрі жұмысқа орналасудың тамаша мүмкіндігі екенін, олардың өз ісінің маманы болуына көмектесетінін атап өтті.

Мектептің оқу кестесіне сәйкес сабақтар ағымдағы жылдың 23 қарашасында басталып, жаңа жылдық мерекелерге қарай оқудан сәтті өткен студенттер сертификаттар алатын болады. Курстар мемлекеттік қызметшілерді, тәжірибелі практиктерді, оқытушыларды, психологтарды және бизнес-жаттықтырушыларды тарта отырып өткізіледі.

Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының алдында бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, кәсіби білікті мамандар даярлау міндеті тұр. Департамент, ЖОО және мемлекеттік органдар арасында 2019 жылы үшжақты меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында жоғары оқу орындарының соңғы курс студенттерінің мемлекеттік органдарда кәсіптік практикадан өтуі ұйымдастырылады. Департаменттің оқу орындарымен үйлесімді жұмысының арқасында студенттер мемлекеттік қызметтің құндылықтары мен қағидаттарын түсінеді, кәсіби құзыреттер қалыптастырады және біліктіліктерін арттырады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.