Рақымшылыққа кімдер ілігеді?
Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай рақымшылық жариялау туралы заң мақұлданды.
Негізгі міндет – азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан және негізгі жазадан босату, кейбір адамдарға қатысты жазаның өтелмеген бөлігін қысқарту. Бұл заң аясында әлеуметтік осал санаттағылар – ардагерлер, егде кісілер, І және ІІ топтағы мүгедектер еркіндікке шығуы мүмкін. Сонымен қатар жүкті әйелдер, сотталған, ата-ана құқықтарынан айрылмаған әйелдер де назардан тыс қалған жоқ.
Рақымшылық жасау педофилдерге, адам өлтіргендерге, террористік, экстремистік не экстремизм белгілері бар қылмыстар, азаптаулар жасаған, қылмыстардың қайталануы кезінде жаза тағайындалған, өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айырумен ауыстырылған, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалған, қылмыстық топ, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда немесе заңсыз әскерилендірілген құралым құрамында қылмыс жасаған азаматтарға қолданылмайды.
Бұған дейін Қазақстанда 8 рақымшылық жасалып, соңғы 4 жылда рақымшылық жасау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылғанын атап өткен жөн.
Г.Әбдіғалиқызы, Жаңақала аудандық сотының бас маманы, сот мәжілістерінің хатшысы.
[xfvalue_img]