ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі БАҚ өкілдері арасында конкурс жариялады
Қазір таңда Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық проблемасы жүйелі сипатқа ие, сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат та жүйелі жұмыс істеуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатта бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникациялар маңызды орын алады.
Сондықтан, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша БАҚ рөлін ескере отырып, ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жұмысқа Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған жыл сайынғы конкурс жариялайды.
Конкурстың мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы қоғамды ақпараттандыру деңгейін арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту.
Байқау үш номинация бойынша өткізіледі: «Үздік телевизиялық жұмыс», «Үздік баспа жарияланымы», «Үздік интернет-жарияланым».
Шығыс Қазақстан облысының республикалық және өңірлік деңгейдегі барлық БАҚ журналистері конкурсқа қатысуға шақырылады. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қарашаға дейінгі кезеңде жарияланған не эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар топтамалары қабылданады. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмеген. Қойылатын талаптарға сай келмейтін, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен материалдар конкурсқа жіберілмейді.
Материалдар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады. Конкурсқа материалдарды қабылдаудың соңғы күні – ағымдағы жылдың 15 қарашасы.
Барлық сұрақтар бойынша ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне Өскемен қаласы, Лихарев көшесі 2, тел. +7 (7232) 298956, электрондық пошта: 298939@mail.ru мекен-жайы бойынша хабарласуға болады.
[xfvalue_img]