«Astana-Adaldyq Alany» жобалық кеңсесі аясында жұмыс жасап жатқан «Парасат жолы» орталығының жұмысын танысу мақсатында тікелей эфир өткізуде.
Бүгінгі «Astana-Adaldyq Alany» жобалық кеңсесі жетекшісінің м.а. Бақдаулет Болатұлы Жанділдаев Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мекемесінің басшысы Мадибаева Гулбадан Сақтапқызымен тікелей эфирде кездесу өткізді. "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" елордалық 18 кітапхананы біріктіреді. Оның 10-ы көпшілік кітапхана,6-ы балалар кітапханасы,1 кітапхана көзі нашар көретін оқырмандарға арналған арнайы кітапхана.Кітап қоры 737 000-ды құрайды.
Гулбадан Сақтапқызы аталған 18 кітапхананың барлығында «Парасат жол» орталығы жұмыс жасап жатқанын атап өтті. «Парасат жолы» орталығы парасаттылық идеологиясын ілгерілету мақсатында адалдық, парасаттылық, ізгілік пен қайырымды қоғам, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздейді. "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" «Парасат жол» орталығында Садыбек Түгел, Толымбек Абдырайым, Елена Мәжитқызы Әбдіхалықова, Жандарбек Мәлібеков т.б. мәдениет саласының үздіктері, қоғам қайраткерлерімен оқырмандар арасында кездесулер өткізілді. Сыбайлас жемқорлықпен күресте,жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда кітапханалар жүйесі ауқымды қызмет атқаруда. Кітап парасаттылыққа,адалдыққа бастайтын басты құрал.
[xfvalue_img]