ҚОҒАМНЫҢ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ИДЕОЛОГИЯСЫН ІЛГЕРІЛЕТУДЕГІ КІТАПХАНАЛАРДЫҢ РӨЛІ
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ кітапханалары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментімен бірлесіп тұрғындармен қарым-қатынасқа жол тартқан «Парасат жолы» орталықтарында парасаттылық идеологиясын ілгерілету шараларын жалғастыруда. Бұл орталықтар қоғам мен өскелең ұрпақты мәдениетке, рухани және білімге тәрбиелеу орталықтары болып табылады. Онда мәдениет, әдебиет және руханиятпен ұлттық құндылықтарғы, ата баба тәлім-тірбиесін негізге ала отырып адалдық пен парасаттылықты, ізгілік пен даналықты, әділдік пен қамқорлықты дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіру жұмыстары жүргізіуде.
Шаралардың негізгі мақсаты – қоғам қайраткерлері, шығармашыл зиялы қауым, кітапхана танымал оқырмандарымен бірлесіп, қоғамдағы парасаттылық идеологиясын ілгерілету, адалдық, ізгілік, даналық, әділдік, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Кітапханаларда жүріп жатқан шараларда кітапханаларымыздың танымал оқырмандары, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері өзекті мәселелерді талқылап ғана қоймай , жастарды адамгершілікке тәрбиелеуде ұйымдастырылған кітап көрмелерімен таныса отырып, осы тақырыптағы кітаптар, мерзімді басылымдардағы мақалалар жан-жақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиеде үлкен ақпараттық құрал екенін және ұлы ойшылдардың еңбектері парасаттылық пен ізгілікке тәрбиелеудегі маңызы зор екені туралы өз ойларында білдірді.
[xfvalue_img]