СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СҮЙЕМЕЛДЕУ БОЙЫНША «KAZECOTECH» - ПЕН КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Бүгін «ANTIKOR ORTALYǴY» алаңында «Protecting Business and Investments» жобасы шеңберінде «Kazecotech» бас директор Владимир Ильичпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойылды. Компания нарықта 9 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Негізгі қызметі – химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру, кәсіпорынның міндеті қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық проблемаларды кешенді шешу, ірі өнеркәсіптік объектілер орналасқан аудандарда тұратын халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Жобаның жалпы сомасы 7 млрд. теңгені құрайды.
Кездесу барысында департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов жоба кәсіпкерлік қызмет барысында туындайтын проблемалық мәселелерді шешуге көмектесетінін хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, "Protecting Business and Investments" бизнес пен Инвестицияларды қорғау жобасы Қазақстанда 2018 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен іске қосылды.
Негізгі міндет инвесторлардың қызметі процесінде төрешілдік кідірістер мен сыбайлас жемқорлық шығындарын болдырмау болып табылады.
[xfvalue_img]