ШҚО-да тағы екі кәсіпорын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қорғауына алынды
Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындары «Protecting Business and Investments» бизнес пен инвестицияларды қорғау жөніндегі жобаның қатысушылары болып келеді.
Естеріңізге сала кетейік, аталған жобаны өңір аумағында Шығыс қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Атамекен» ӨКП-мен бірлесіп жүзеге асыруда.
Жобаны іске асыру тетігі инвестордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қосылуына негізделген. Департамент келісім тарапы ретінде кәсіпкерді жосықсыз шенеуніктер тарапынан кез келген бюрократтық және сыбайлас жемқорлық қол сұғушылықтан 100% қорғап, туындайтын проблемалық мәселелерді заңнама шеңберінде шеше отырып, еріп жүреді.
Ағымдағы айда ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Antikor Ortalygy» алаңында «Востокэлектропривод» ЖШС және «Ақбай» шаруа қожалығымен бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойылды.
Мәселен, «Ақбай» ШҚ ШҚО Зайсан ауданында 1000 бас ІҚМ бордақылау алаңын ашу бойынша жобаны іске асыруда, ал «Востокэлектропривод» ЖШС облыс аумағында БелАЗ автосамосвалына қосалқы бөлшектерді сатумен, БелАЗ автосамосвалына агрегаттар мен тартқыш электр жабдығын жөндеумен байланысты қызметті жүзеге асыруда.
Қазіргі уақытта Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуімен жалпы сомасы 274 млрд теңгеден асатын 37 бизнес-жоба бар.
Айта кетейік, жоба аясында кәсіпкерге қойылатын жалғыз талап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын мүлтіксіз сақтау болып табылады.
[xfvalue_img]