«Қазаэронавигация» РМК-ның тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есебі
«Қазаэронавигация» РМК-ның тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы есебі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Қазаэронавигация" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. 2021 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы 3 Өңірлік орталықтан (Орталық Қазақстан, Оңтүстік-Шығыс, Батыс Қазақстан) және 12 филиалдан (Ақтау, Атырау, Қарағанды, Шымкент, Қостанай, Өскемен, Қызылорда, Жамбыл, Көкшетау, Павлодар, Орал, Петропавл), 17 алыс жердегі орыннан (Талдықорған, Боралдай, Үшарал, Жаркент, Шалқар Қарабұтақ, Бейнеу, Балқаш, Жезқазған, Арқалық, Арал/Новоказалинск, Баянауыл, Үржар, Зайсан, Семей, Аягөз,Түркістан тұрады. Кәсіпорын құрылымына Алматы қаласында орналасқан Кәсіби дайындау орталығы мен Авиациялық медициналық орталық кіреді.
2021 жылдың 1-жартыжылдығында Кәсіпорын жұмыскерлерінің орташа тізімдік саны 2 693 адамды құрады.
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықаралық және транзиттік ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері табиғи монополия саласына жатқызылған.
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Кәсіпорын қызметін бақылау мен реттеуді өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жүзеге асырады.
- Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы
2021-2025 жылдар кезеңіне бекітілген аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат 2021 жылғы 1-жартыжылдықтың есепті кезеңінде осы Есепке 1-қосымшада баяндалған.
- Бекітілген тарифтік сметаның баптар бойынша орындалуы туралы
2021 жылдың 1-жартыжылдығында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінен күтілетін кірістер 1 626 млн.теңгені құрайды, оның ішінде аэронавигация қызметінен түсетін кірістер бойынша ӘК - 1 025 млн. теңге және ӘМ – 601 млн. теңге (2,3-қосымша).
2011-2020 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде және әуеайлақ ауданында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетудің реттеліп көрсетілетін қызметтері шығынды болып табылады.
2021 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша мынадай шығындар күтілуде:
- ӘК (-2 659) млн. теңге;
- ӘМ (-699) млн. теңге.
Есепті кезеңде тарифтік сметаларда бекітілген көрсеткіштерге шығын баптарының асыра орындалуы да, шығындардың кейбір баптарының орындалмауы да байқалады. Шығындардың жекелеген баптарының орындалмауы бекітілген тарифтік сметалардағы көрсеткіштердің жылдық негізде бекітілуіне, ал нақты көрсеткіштер 2021 жылғы бірінші жартыжылдықтың күтілетін деректері негізінде ұсынылуына байланысты. Бұдан басқа, тарифтік сметалардың бекітілген көрсеткіштеріне шығындар баптарының орындалмауы мемлекеттік сатып алудың өткізілмеуімен де байланысты.
Сондай-ақ, 2021 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша өндірістік көрсеткіштер тарифтік сметаларда бекітілген жылдық өндірістік көрсеткіштерден ӘК бойынша 47% және ӘМ бойынша 55%-ға орындалғанын атап өту қажет. Бұл ретте 2020 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 2021 жылдың 1-жартыжылдығы кезеңінде реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуі, атап айтқанда, ӘК бойынша 52%-ға, ӘМ бойынша 67%-ға өсуі байқалады. Өндірістік көрсеткіштердің артуы карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне байланысты әуе қатынастарының кезең-кезеңімен қайта жандануына байланысты.
- Реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы туралы
Уәкілетті орган Кәсіпорынға реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштерін бекітпеген.
- Табиғи монополиялар субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы
Уәкілетті орган Кәсіпорынға қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін бекітпеген.
- Негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштер туралы
2021 жылғы 1-жартыжылдықта Кәсіпорынның кірісі 29 556 млн.теңгені (күтілетін деректер) құрады, бұл 2020 жылғы 1- жартыжылдықта алынған кіріс деңгейінен 2%-ға немесе 590 млн. теңгеге жоғары.
2021 жылдың 1-жартыжылдығында негізгі қызметтен түскен кіріс 29 261 млн.теңгені құрады. 2020 жылғы осындай кезеңге қарағанда кіріс 8% немесе 2 282 млн.теңгеге ұлғайды. Негізгі қызметтен түсетін кірістің ұлғаюына карантиндік шаралардың жеңілдеуі және әуе қатынасының қайта жандануы әсер етті.
2021 жылдың 1-жартыжылдығында аэронавигациялық қызмет көрсетуден түскен кіріс 29 183 млн.теңге мөлшерінде күтіледі. АНҚ-дан түсетін кіріс Кәсіпорынның талданып отырған кезеңдегі жалпы кірісінің 99%-ын құрайды. 2020 жылдың 1-жартыжылдығына қарай АНҚ-дан түскен кіріс 9% немесе 2 292 млн.теңгеге ұлғайды. 2021 жылғы 1-жартыжылдықта әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсеткені үшін кірістің өсуі карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне байланысты әуе қатынастарын кезең-кезеңімен қайта бастауға байланысты.
Кәсіпорынның шығыстары (корпоративтік табыс салығын қоса алғанда) 2021 жылғы 1 - жартыжылдықта 25 595 млн.теңгені құрады.
- Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы
Кәсіпорынның реттеліп көрсетілетін қызметіне мыналар жатады:
- халықаралық ұшуларды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;
- халықаралық ұшуларды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;
Аэронавигациялық қызмет көрсетуден алынатын жалпы кірісте талданып отырған кезеңде реттеліп көрсетілетін қызмет 6%-ды құрайды.
Реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша қазақстандық авиакомпаниялар тасымалдарының жалпы көлеміндегі тұрақты ішкі тасымалдардың үлесі (ұшақ-километрмен) айтарлықтай салмақты және 2021 жылғы 1-жартыжылдықта шамамен 92% құрады.
Реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтерінің көлемі
Атауы |
Өлшем бірл. |
2021 жылдың 1-жартыжылдығы |
2020 жылдың 1-жартыжылдығы |
Ауытқу |
Ұшақ-километр |
мың км |
30 855 |
20 300 |
10 555 |
Ұшақ - ұшу тоннажы |
мың тонна |
1 923 |
1 154 |
769 |
АНҚ кірісі барлығы, оның ішінде |
млн. теңге |
1 626 |
960 |
666 |
- ӘК АНҚ |
млн. теңге |
1 025 |
606 |
419 |
- ӘМ АНҚ |
млн. теңге |
601 |
354 |
247 |
АНҚ шығыстары барлығы, оның ішінде |
млн. теңге |
4 985 |
3 776 |
1 209 |
- ӘК АНҚ |
млн. теңге |
3 685 |
2 731 |
954 |
- ӘМ АНҚ |
млн. теңге |
1 300 |
1 045 |
255 |
Пайда (салық салынғанға дейін) |
млн. теңге |
(- 3 359) |
(- 2 816) |
(- 543) |
2021 жылдың 1-жартыжылдығында тұтынушыларға көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі 2020 жылдың осындай кезеңіндегі фактіге қарағанда ұшақ километрлері бойынша 52% және ұшақ ұшып шығу тоннажы бойынша 67%-ға ұлғайды.
Қазақстан Республикасында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетудің реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша кіріс 2021 жылғы 1-жартыжылдықта 2020 жылғы 1-жартыжылдыққа қатысты да 69%-ға ұлғайды, ұлғаю карантиндік шаралардың жеңілдетілуінен кейін әуе қатынасын кезең-кезеңімен қайта бастауға байланысты.
- Реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы
2021 жылдың 1-жартыжылдығында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының 72 авиакомпаниясына (қызметтері өтеусіз негізде көрсетілген авиакомпанияларды қоса алғанда) ұсынылды.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде және әуеайлақ маңында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету жөнінде қызметтер көрсетуге Қазақстан Республикасының авиакомпанияларымен 5 шарт жасалды және қайта жасалды.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің негізгі тұтынушылары мынадай авиакомпаниялар болды:
1 |
"Эйр Астана" АҚ |
2 |
"SCAT авикомпаниясы" АҚ |
3 |
"Qazaq Air" АҚ |
4 |
"East Wing" АҚ |
5 |
"Южное небо" авиакомпаниясы" АҚ |
6 |
"Comlux-KZ" авиакомпаниясы" ЖШС |
7 |
"Fly Jet.kz" ЖШС |
8 |
"KAZ AIR JET" акционерлік қоғамы |
9 |
"Жезқазған-Эйр" АК" АҚ (ZHEZAIR) |
10 |
ҚР ПІБ "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясы" ШЖҚ РМК |
11 |
"Қазавиақұтқару" АҚ |
12 |
"Prime Aviation" АҚ |
13 |
"Жетісу" авиакомпаниясы" АҚ |
14 |
"Евро-Азия Эйр" авиакомпаниясы" АҚ |
15 |
"B&K AERO KZ" ЖШС |
16 |
ШҚО әкімі аппаратының "ШҚО ПӘ" КМҚК |
17 |
"Jupiter Jet" авиакомпаниясы" ЖШС |
18 |
"Бурундайавиа" авиакомпаниясы" АҚ |
19 |
"Тянь-Шань" ҰОАК ЖШС |
20 |
"Еврокоптер Қазақстан инжиниринг" ЖШС |
Жоғарғы әуе кеңістігінде және ҚР әуеайлақтары маңында әуе кемелеріне қызмет көрсетуді Кәсіпорын жоғары деңгейде жүзеге асырды.
- Қызметтің перспективалары туралы (даму жоспарлары)
2025 жылға дейінгі Кәсіпорынның даму бағдарламасымен және Аэронавигациялық жүйені дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған жоспарымен ИКАО-ның жаһандық аэронавигациялық жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының аэронавигациялық жүйесін ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық дамытудың негізгі бағыттары айқындалды.
Коронавирустық пандемияға байланысты қазіргі жағдайға қарамастан, Кәсіпорын жобаларды іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
2022 жылдан бастап әуе кеңістігін пайдаланушыларға қолайлы траекториялар бойынша ұшуларды орындауға мүмкіндік беретін ҚР ӘК-де еркін маршруттау принципін (FRA) енгізу жөніндегі жобаны әзірлеу жоспарлануда. Қазіргі уақытта әуе кеңістігінің құрылымы ұшулар орындалатын бағыттар желісінен тұрады. Авиакомпаниялар жоғарғы әуе кеңістігінде кіру нүктесінен шығу нүктесіне дейін маршруттарды өздері әзірлеуі үшін осы желіден бас тарту болжанады. Маршруттарды оңтайландыру әсері ұшу уақытын үнемдеу және соның салдарынан отын үнемдеу болады.
2021-2022 жылдар кезеңінде сипаттамаларға негізделген (PBN) әуеайлақтық процедураларды Ақтау, Атырау, Шымкент, Өскемен, Үшарал әуеайлақтарында және одан әрі елдің қалған әуеайлақтарында одан әрі енгізу жобасы жалғастырылатын болады. Осы кезеңде ATN желісін модернизациялау жобасы іске асырылатын болады.
2025 жылға қарай әуе кеңістігін икемді пайдалану технологиясын (FUA) енгізу жөніндегі жұмыстар жоспарланып отыр.
Белгіленген перспективалық жоспарларды іске асыру ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, Қазақстанның әуе кеңістігінің тартымдылығын арттыруға алып келеді.
Сондай-ақ, 2021-2025 жылдарға "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді және әуеайлақ маңында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 қазандағы № 69 бұйрығына сәйкес 2021-2025 жылдарға халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету және әуеайлақ мыңында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер 2021 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
Сонымен қатар, «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету және халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуеайлақ маңында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге уақытша өтемдік тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2020 жылғы 18 қарашадағы № 74 бұйрығына сәйкес Кәсіпорын үшін халықаралық ұшуларды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету және халықаралық ұшуларды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуеайлақ маңында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге уақытша өтемдік тарифтер бекітіліп, олар 2021 жылғы 01 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданысқа енгізілді.
[xfvalue_img]