АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ СУБСИДИЯ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Асыл тұқымды мал басының санын арттыруды ынталандыру, жалпы мал басына қатысты асыл тұқымды малдың үлес салмағын, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемін ұлғайту, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында мемлекет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жергілікті бюджеттен тікелей субсидиялау арқылы екі бағыт бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау жөнінде шаралар қабылдайды:
- асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
- мал шаруашылығы өнімдерін өндіру.
2021 жылға 24 673 303 мың теңге келесі бағдарламалар бойынша жоспарланған:
- «Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 2021 жылға 172 295 мың теңге жоспарланған;
- АӨК субсидиялау бағдарламасы бойынша 2021 жылға 24 089 301 мың теңге жоспарланған.
- «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасы бойынша 2021 жылға 8 815 136 мың теңге және т.б. бағдарламалар бойынша жоспарланған.
АӨК субъектілерін мал шаруашылығында мемлекеттік қолдау ірі шаруашылықтарды қолдауға ғана емес, сондай-ақ шағын және орта шаруашылықтарды қолдауға бағытталғанын атап өткен жөн.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруа қожалықтарының барлығы дерлік техникалық жабдықтарын 80-90% жаңартты. Сонымен қатар, субсидияның арқасында шаруа қожалықтарының жай-күйі жақсаруда.
Жаңартылған техникалардың сапасына көз жеткізу мақсатында «Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Маржан Бахытқызы Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында Камышинка ауылына барып, ЖМ ШҚ «Семья» басшысымен кездесті.
Кездесу барысында аграрлық саясат және ауыл шаруашылық саласындағы мәселелер талқыланып, шаруа қожалығы жұмысының сапасымен, жай-күйімен танысты.
«Ауыл шаруашылығы саласы біздің еліміз үшін аса маңызды сала. Біздің жеріміздің сәні малымыз, бір жағы егініміз деп мақтанышпен айтамыз. Тәуелсіздік алғалы бері 30 жылда көптеген істер атқарылды. Жерді игеру, оны пайдалану оңайға соққан жоқ», - шаруа қожалығы басшысы өз сөзінде атап өтті.
2019 жылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау бойынша барлық мемлекеттік қызметтер QOLDAU.KZ электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып электрондық түрде ақпараттық жүйе арқылы көрсетіледі.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын қолдауға қандай субсидиялар қарастырылған және оларды алу тәртібі қандай сынды бірқатар сауалдарға жауап беріп, өз ұсыныстарын білдірді.
[xfvalue_img]
19 пікір