Нұр-Сұлтан қаласы бойынша статистикалық бизнес тіркелімде тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны туралы

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша статистикалық бизнес тіркелімде тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны туралы

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны 84600 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалардың
саны - 80905, 2853 - филиалдар және 842-шетелдік заңды тұлғалар филиалдары (әрі қарай-кәсіпорындар мен ұйымдар). Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда кәсіпорындар мен ұйымдардың саны 5667 бірлікке ұлғайды. Оның ішінде жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдардың саны - 61940, олардан белсенді еместері (жаңалары) - 9529, белсенділері - 26988, уақытша белсенді еместері - 25423.

             Ағымдағы жылғы маусымдағы статистикалық бизнес - тіркелімі алғашқы тіркеуден өткен 780 бірлік субъектілермен толықтырылды. Сонымен қатар, тиісті кезеңде таратылған субъектілердің саны 372.

             Жаңадан тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың ішінен - 665 бірлік жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 2 - қосымша жауапкершілікті серіктестіктер, 1 - мемлекеттік кәсіпорындар, 2 - акционерлік қоғамдар, 76 - өзге де ұйымдық - құқықтық нысандар, 1 - діни бірлестіктер, 5 - мекеме, 21 - қоғамдық бірлестіктер мен қорлар, 6 - заңды тұлғалардың ассоциация нысанындағы бірлестіктері, 1 - тұтынушылар кооперативі болып тіркелген.

Тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың қатарынан 83682 - шағын, 534 - орта және 384 - ірі субъектілер болып табылады. Олардың саны қаланың аудандары бойынша мынадай қатынаста бөлінген: Алматы - 23588, Есіл - 22337, Сарыарқа - 21238, Байқоңыр - 17437.

Тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың меншік нысандары бойынша түрлерінің саны:

-мемлекеттік - 819;

-жекеменшік - 77574;

-шетелдік - 6207.

Ұйымдар мен кәсіпорындардың арасында ең көп тіркелген қызмет түрлерінің саны келесіні құрайды:

-көтерме және бөлшек саудада сату, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу - 23648;

-құрылыс - 16385;

-көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну - 9420;

-кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 6542;

-әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет - 4374;

-өнеркәсіп - 4428;

-ақпарат және байланыс - 3545;

-жылжымайтын мүлікпен операциялар - 3321.

Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының басшылары арасында ер адамдар саны - 59590, әйелдер саны - 25010 құрады.

Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.