Нұр-Сұлтан қаласы бойынша статистикалық бизнес тіркелімде тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны туралы

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша статистикалық бизнес тіркелімде тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны туралы

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны 82997 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалардың саны - 79325, 2833-филиалдар және 839-шетелдік заңды тұлғалар филиалдары (әрі қарай-кәсіпорындар мен ұйымдар). Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда кәсіпорындар мен ұйымдардың саны 5077 бірлікке ұлғайды. Оның ішінде жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдардың саны - 60639, олардан белсенді еместері (жаңалары) - 8748, белсенділері - 27015, уақытша белсенді еместері - 24876.

 Ағымдағы жылғы ақпанда статистикалық бизнес - тіркелімі алғашқы тіркеуден өткен 689 бірлік субъектілермен толықтырылды. Сонымен қатар, тиісті кезеңде таратылған субъектілердің саны 227.

 Жаңадан тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың ішінен - 596 бірлік жауапкершілігі шектеулі серіктестік,
50 - өзге де ұйымдық-құқықтық нысандар, 27 - қоғамдық бірлестіктер мен қорлар, 4 - мекеме, 4 - заңды тұлғалар бірлестігі, 4 - тұтынушылар кооперативі, 2 - қосымша жауапкершілікті серіктестіктер, 1 - толық серіктестіктер, 1 - акционерлік қоғамы болып тіркелген.

 Тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың қатарынан 82076 - шағын, 540 - орта және 381 - ірі субъектілер болып табылады. Олардың саны қаланың аудандары бойынша мынадай қатынаста бөлінген: Алматы - 23176, Есіл - 21299, Сарыарқа - 21006, Байқоңыр - 17516.

 Тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың меншік нысандары бойынша түрлерінің саны:

-мемлекеттік - 811;

-жекеменшік - 76135;

-шетелдік - 6051.

 Ұйымдар мен кәсіпорындардың арасында ең көп тіркелген қызмет түрлерінің саны келесіні құрайды:

-көтерме және бөлшек саудада сату, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу - 23327;

-құрылыс - 15983;

-көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну - 9293;

-кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 6471;

-әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет - 4312;

-өнеркәсіп - 4331;

-ақпарат және байланыс - 3449;

-жылжымайтын мүлікпен операциялар - 3188.

 Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының басшылары арасында ер адамдар саны - 58317, әйелдер саны - 24680 құрады.

Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.