Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы тікелей эфир өтті
Бүгін жетінші шақырылған Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Ләззат Мұратқызы Разбекова-Төлеуханова елордалық Antikor Ortalyǵy сервистік орталығының жұмысымен танысты.
#ANTIKOR.LIVE жобасы аясында «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысының міндетін атқарушы Бақдәулет Жанділдаевпен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс туралы тікелей эфир өткізді.
Эфир барысында спикер қалалық мәслихаттың депутаты ретінде атқарылған жұмыстар туралы айтып, нөлдік төзімділік идеологиясын қалыптастыру үшін халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қамтамасыз ету және дамыту қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты мемлекеттік органдардың құқықтық базасын жаңғыртудың маңыздылығы атап өтілді. Спикер мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін арттыру мәселелерін айтты.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқартуға, оның туындау себептері мен жағдайларын жоюға қабілетті тиімді алдын алу шаралары айтылды, сондай-ақ тиімді мемлекеттік басқару мәселелері қозғалды.
Сонымен қатар, депутат сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша пікірімен бөлісті.
[xfvalue_img]