БАЛАЛАР БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Закиева «Antikor Ortalyǵy» сервистік орталығының жұмысымен танысты. Орталықтың қызметі қоғаммен ашық алаңда өзара іс-қимыл жасауға және халықпен тиімді кері байланысты қамтамасыз етуге бағытталған.
Жалпы, департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов «Antikor Ortalyǵy» алаңында жүргізіліп жатқан жұмыстар және Агенттіктің бастамалары туралы айтып берді.
Динара Закиева, #ANTIKOR.LIVE жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары, департамент жанындағы ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Шыңғыс Қожахметовпен бірлесіп, балаларды қорғау күніне арналған «Балалар біздің болашағымыз» тақырыбында тікелей эфир өткізді.
Эфир барысында депутат 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні әлемнің көптеген елдерінде атап өтілетінін атап өтті. Бұл балалар үшін ең қуанышты және сүйікті мерекелердің бірі ғана емес, сонымен қатар ересектерге балаларға үнемі қолдау қажет екенін еске салады. Спикер ересектер адалдық, әділдік және сенім сияқты ішкі құндылықтардың бастапқы қайнар көзі болып табылатындығын атап өтті.
Сонымен қатар, Динара Закиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және отбасы институты арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша пікірімен бөлісті.
[xfvalue_img]
1 пікір