Ақмола облысында «Даму» қорына сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллалар түсіндірілді
Ағымдағы жылдың 26 мамырында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев онлайн режимінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Департамент басшысы мемлекеттік органдармен және белсенді қоғам өкілдерімен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамадағы маңызды өзгерістер мен әкімшілік заңнамаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы түзетулерді түсіндірді.
Атап айтқанда, ол мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар басшыларының қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша шараларды міндетті түрде қабылдауына назар аударды, олай болмаған жағдайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оларды әкімшілік жауапкершілікке тартатын болады. Сондай-ақ, егер бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар жұмысқа қабылданса, мемлекеттік органның немесе ұлттық компанияның басшысы 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза алады.
Мұрат Төлеубаев қызметтік міндеттерін орындау кезінде квазимемлекеттік сектор өкілдерін адалдық және парасаттылық қағидаттарын ұстануға, өз қызметінде ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуге шақырды.
Өз кезегінде «Даму» облыстық қорының директоры Мәди Рымжанов ұжымдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Айта кетейік, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кәсіпкерлердің несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың және кәсіпкерлердің банктер алдындағы несиелерін кепілдендірудің қаржылық агенті болып табылады. Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі мақсатында акционерлік қоғамда комплаенс-бақылау жұмыс істейді.
[xfvalue_img]
17 пікір