Көлік полицейлері сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік туралы ескертілді
Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің Көкшетау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің, сондай-ақ аудандық желілік бөлімшелердің басшылығымен және жеке құрамымен сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мәселелері онлайн режимінде қаралды.
Кездесу барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшылығы қатысушыларды қызметтік жалғандық фактілері бойынша Көкшетау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің полицейлеріне қатысты қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы негізінде енгізілген ұсыну туралы хабардар етті.
Алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұжымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдау кезінде формализмді жоюды, қызметкерлер арасында тиісті түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізуді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюды және полиция қызметкерлері жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуді ұсынды.
Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев кездесу қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманың негізгі өзгерістерін және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сыбайлас жемқорлыққа қарсы түзетулерді түсіндірді.
Мұрат Төлеубаев атап өткендей, полиция органдарының қызметкерлері, соның ішінде көліктегі полиция қызметкерлері де, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан басшылардың бағыныштылардың қызметіне бақылауды күшейту, сондай-ақ барлық қызметкерлердің парасаттылық және сатылмаушылық қағидаттарын сақтауын қамтамасыз ету қажет.
[xfvalue_img]