ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӨҢІРАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС
«ANTIKOR LIVE» жобасы аясында Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша Өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы Александар Шабалиннің қатысуымен тікелей эфир өтті.
Эфир барысында Александр Шабалин Өңіраралық байланыс инспекциясының жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті.
2020 жылы Өскемен қаласында және Шығыс Қазақстан облысының аудан орталықтары бөлінісінде ұялы байланыс желілерінің сапасы мен параметрлерін бақылау бойынша іс-шаралар өткізілді.
Өткізілген іс-шаралар барысында келесілер орындалды:
1) дауыстық қызметтерді көрсету сапасын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 410 бұйрығымен бекітілген көрсеткіштерге сәйкестігіне бағалау жүргізілді (2021 жылы ұялы байланыс сапасын өлшейтін жаңа техникалық жабдық келіп түсті, өлшеу және талдау жаңа әдістеме бойынша жүргізіледі);
2) FTP серверінен тест файлын жүктеу арқылы мобильді интернеттің сапасын бағалау жүргізілді;
3) 2G/3G/4G технологияларында радиоресурстардың статистикалық көрсеткіштерін жинау жүзеге асырылды;
«2020 жылдың тамыз айында барлық байланыс операторларына 250+ бағдарламасын орындау бойынша іс-шаралардың орындалу жағдайы туралы сұраныстар жіберілді, бекітілген кестеге сәйкес барлық 53 ауылдық елді мекен мобильді интернетке қосылатын болады. ШҚО-да барлығы 689 ауылдық елді мекен бар. «Қазақтелеком» АҚ 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін ТОБЖ 1693 километр төсеу жүргізді, 2020 жылы 68 ауылдық елді мекенді қосуға мүмкіндік берді. Жоба аяқталғаннан кейін 83 ауылдық елді мекен ТОБЖ-ға қосылатын болады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы байланыс қызметтерінің қолжетімділігі тұрғысынан облыстың барлық елді мекендеріне тексеру жүргізіледі»,- дейді Александр Шабалин.
[xfvalue_img]