ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ АШЫҚТЫҚ
«Antikor Live» жобасы аясында «Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Т. Ғалымжанқызы ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің ШҚО Аумақтық инспекциясының басшысы С. Құсайынұлымен «Ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және жою» тақырыбында тікелей эфир өткізді.
Тікелей эфир барысында Ветеринариялық инспекцияның негізгі атқаратын қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жайындағы ақпаратпен бөлісті.
«Инспекцияның негізгі атқаратын жұмысы Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау – ветеринария саласындағы уәкілетті органның ветеринария туралы заңдарды заңды және жеке тұлғалардың оларды бұзуын болғызбауға, анықтауға, тыю мен жоюға, соның ішінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объекілерінің санитариялық қолайлылықты, ветеринариялық қадағалауға жататын жүктердің қауіпсіздігін, халықтың денсаулығын және жануарларды аурулардан қорғауды қамтамасыз ету. Осы бағытта өткен 2020 жыл көлемінде жеке және заңды тұлғаларға 500 АЕК көлемінде 500 әкімшілік іс қозғалып 16 514 293 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ағымдағы жылдың төрт айында осы бағытта 96 әкімшілік іс қаралып 3 млн. 318 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Міне осындай ауқымды жұмыстарды атқара отырып, Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды да тұрақты жүргізіп келеді. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметовтың қолдауымен сарып ауруының алдын алу және жою мақсатында бағдарлама әзірледік. Осыған орай, барлық аудандарда түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз», - дейді С. Сәдуақасов.
Эфир барысында Инспекция басшысы сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай, сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін атап өтті.
– Сыбайлас жемқорлық қоғамдағы өте қауіпті індеттердің бірі болғандықтан біздің қызметкерлердің арасында әр тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп отырады. Сондай-ақ, ұжым арасында қоғамдық індеттің қауіптілігін түсіндіру мақсатында «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен тұрақты жұмыс жүргізілетін болады,- деп қорытындылады С. Сәдуақасов.
[xfvalue_img]