АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде онлайн режимінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінің «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының, сондай-ақ «Еңбек-Көкшетау» филиалының басшылығымен сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мәселелері қаралды.
Кездесу барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшылығы қатысушыларды құрылыс саласындағы бюджеттік қаражатты ұрлау фактісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы негізінде енгізілген ұсыну туралы хабардар етті.
Сыбайлас жемқорлықты жасауға басшылық тарапынан тиісті емес бақылау, кәсіпорындар арасында тиісті әкімшілік өзара іс-қимылдың болмауы, жоғары тұрған ұйым тарапынан қаржылық және материалдық-техникалық қолдаудың болмауы ықпал етті.
Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев кездесу қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді түсіндірді.
«Өкінішке орай, «Еңбек» кәсіпорны филиалдарының басшы лауазымды тұлғаларын сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері бірнеше рет орын алған. Олар негізінен бюджет қаражатын ұрлаумен және ұтымсыз пайдаланумен байланысты. Бұл тұрғыда басшылар бағынышты қызметкерлердің қызметіне тиісті бақылауды, сондай - ақ кәсіпорындар бюджетінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуі қажет», - деп атап өтті Мұрат Төлеубаев өз сөзінде.
[xfvalue_img]
7 пікір