2020 жылдағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама ұсынылды
Құжаттың мақсаты – қоғамды 2020 жылы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру нәтижелері туралы хабардар ету.
Құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғаммен әріптестік, жауапкершіліктің бұлтартпастығы бойынша қабылданған заңнамалық және практикалық шаралар, сондай-ақ БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының ережелерін, Еуропа Кеңесінің ГРЕКО басты қағидаттарын және ЭЫДҰ ұсынымдарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар берілген.
Баяндамада Covid-19 пандемиясы кезінде және дағдарысқа қарсы қаражатты игеру юарысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу туралы ақпаратқа ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін тәуелсіз бағалау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық қорытындылары көрініс тапты, уәкілетті органның, басқа да мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан үлесі баяндалды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2020 жылдың қорытындысы бойынша Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде алғаш рет 38 балл жинады (2016ж. – 29, 2017ж. және 2018ж. – 31, 2019ж. – 34) және 180 елдің арасында 94-орынды иеленді.
Баяндаманың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/152774?lang=kk
[xfvalue_img]