Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Еуропалық серіктестер желісіне ену жолында

Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Еуропалық серіктестер желісіне ену жолында

 

Қазақстандық делегация Стокгольмдегі (Швеция) EPAC (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша еуропалық серіктестер) 19-шы конференциясына қатысты. Сонымен қатар EACN сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі байланыс орталықтарының Еуропалық желісінің отырысы өтті.

ЕРАС / EACN — бұл, ең алдымен, ынтымақтастықты нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тәжірибе алмасу, өзара-құқықтық көмек көрсету мақсатында Еуропаның жетекші сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарын біріктіретін жоғары кәсіби стандарттар.

Бүгінгі таңда бұл ұйымдар Еуропа Кеңесіне мүше елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы 50-ден астам ведомстволарын біріктіреді.

ЕРАС / EACN мүшелері болып Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы, Британдық Ұлттық қылмыстық агенттік, Австрияның Федералды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы, Францияның сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөніндегі орталық қызметі, Польшаның орталық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы және т.б. табылады.

Қазақстан конференция жұмысына шақырылғандар тарапы ретінде қатысты.

Қазіргі уақытта Қазақстанның EPAC / EACN-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бақылаушы мәртебесін алуы туралы мәселе пысықталуда.

ГРЕКО-ға енгеннен кейін, біздің еліміз осы ұйымдарға мүшелікке ену үшін барлық мүмкіндіктерге ие, бұл еуропалық тәжірибеші-мамандармен өзара іс-қимылды күшейтуге мүмкіндік береді.

Пленарлық және панельдік сессиялар барысында қатысушы елдер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің түрлі бағыттардағы тәжірибемен, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетіктері мен шаралары, хабардар адамдарды қорғау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен алдын алу жұмыстары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің жаңа тәсілдері, кеден, көші-қон салаларындағы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және т.б. таныстырды.

Алынған халықаралық тәжірибені Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды пысықтау барысында пайдалануға ниетті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.