Антикор: мемлекеттік органдардың трансформациясы тұрмыстық жемқорлықты азайтуға мүмкіндік береді

Антикор: мемлекеттік органдардың трансформациясы тұрмыстық жемқорлықты азайтуға мүмкіндік береді

Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов өткен жылдың сәуір айында мемлекеттік органдармен халықтың кедергісіз өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында ашылған Атбасар ауданының "Сервистік әкімдігінің" қызметімен танысты.

Мұнда азаматтар мемлекеттік қызметтерді мамандардың көмегімен немесе өз бетінше - өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан барынша жедел және сапалы алады.

Әкімдік ғимаратында О.Бектеновтың қатысуымен азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды, оның барысында өңір тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға қатысты тиісті түсініктемелер берілді.

Сондай-ақ, Агенттік басшылығы "Азаматтарға арналған үкімет "МК" КЕАҚ облыстық филиалының аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінің жұмысымен таныстырды. Мұнда О.Бектенов карантин жағдайында қызмет алушыларға қалай қызмет көрсетілетінін көрсетті. Атап айтқанда, бөлімде операциялық зал, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы, күту залы, мамандандырылған сектор, дайын құжаттарды беру секторы, халықты құжаттандыру секторы, автокөлік жүргізу бойынша теориялық емтихан тапсыруға арналған кабинет бар.

Агенттік Төрағасының орынбасары ХҚКО-лардың жұмысын оң бағалап, оларды халықпен тығыз өзара іс-қимыл жасайтын озық құрылым деп атады.

Айта кету керек, пандемия жағдайында бөлім бас санитарлық дәрігердің белгіленген кестесіне сәйкес жұмыс істейді. Мұнда маска режимі жұмыс істейді, санитайзерлер орнатылған, келушілерден әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұрайды.

Бұдан кейін Олжас Бектенов Атбасар ауданының полиция бөлімінің Front-office жұмысымен танысты. Бөлім бастығы Арман Біләлов азаматтармен фронт-офистер форматында тікелей диалог орнату ақмолалықтардың полиция органдарына деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бүгінгі күні фронт-офистер полиция департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің барлық әкімшілік ғимараттарында жұмыс істейді. Мұнда азаматтар құзыретті мамандардың қызықтыратын сұрақтарына тез арада түсініктеме алып, өтініш бере алады.

О.Бектеновтың айтуынша, халықпен осындай форматтағы өзара іс-қимыл мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді, бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы басты басымдықтардың бірі болып табылады. Мемлекеттік органдардың мұндай трансформациясы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайтуға және азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.