СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ОЛЖАС БЕКТЕНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА БАРДЫ
Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Шортанды ауданының «Сервистік әкімдігіне» барды.
Әкімдік жұмысының форматы жергілікті атқарушы органдар қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығын, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер жедел ұсынуды мен кеңес беруді, сондай-ақ азаматтарды кедергісіз қабылдауды көздейді.
Өткен жылдың маусым айынан бастап аудандық «Сервистік әкімдік» жұмыс істей бастағаннан бері жергілікті атқарушы органдардың мамандары ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, білім беру, сәулет және қала құрылысы, ТКШ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салаларында 400-ден астам азаматқа мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кеңес берді. «Сервистік әкімдік» мамандарымен барлығы 85 мемлекеттік қызмет түрі ұсынылады.
Сапар барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары ауданның қолжетімді әкімдігінің жұмыс процесімен танысып, мемлекеттік органдар осындай ашық диалог алаңдарын орнату арқылы, ең алдымен, азаматтардың сеніміне бағдарлануы тиіс екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы, қолжетімділігі және клиентке бағдарлануы мәселесіне ерекше назар аударады. «Сервистік модельді» қолдана отырып, біз азаматтардың мемлекеттік қызметтерді жедел, тиімді әрі жайлы алуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасауымыз керек»,- деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ, тұрғындар үшін қолжетімділік мақсатында Шортанды ауданы әкімінің мен азаматтарды жеке қабылдау кабинеттері ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, олармен Агенттік басшылығы жұмыс сапары барысында таныстырды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда облыстың барлық аудандары мен қалаларында, сондай-ақ Красный Яр ауылында «Сервистік әкімдіктер» жұмыс істейді.
[xfvalue_img]