«Antikor ortalygy» сервистік орталығында сыбайлас жемқорлықты алдын алу іс-шарасы өтті
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері «Antikor ortalygy» азаматтарды толғандыратын мәселер бойынша құқықтық көмек алу, сондай-ақ жемқорлық індетін жоюға жұмылуға дайын жұртшылықтың бас қосатын орталығына барды. «Antikor ortalygy» орталығында Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарды алдын алу мақсатында жиын өткізілді. Жиынға Қызылорда облысы бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Әлімқұлова Ғалия Убадуллақызы, превенция және парасаттылық басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Баймаханов Ануар Аймырзаұлы, ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Жалғасбай Есмаханов және жеке құрам қатысты. Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтарды алдын алу, жол бермеу бағытында баяндама айтылды. Азаматтар сыбайлас жемқорлықпен күрестің ауырлығын түсіну керектігін және де пара берушілер де , пара алушылар да міндетті түрде қатаң жазалатынын айта кетті. Оған қоса сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен парасаттылық қағидаттарын насихаттау бағытында атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде де ақпараттар берді.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
[xfvalue_img]