ШҚО-да кеден зертханасының жеке құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллалары түсіндірілді
ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Антикор орталығында Орталық кеден зертханасының ұжымымен Департамент басшысының бірінші орынбасары Ж. Байділдин кездесті.
Мемлекет басшысы қол қойған қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Атап айтқанда, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салуды енгізу туралы, қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару мекемелерінде сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандар үшін жазаны бірден өтеу мүмкіндігін болдырмау туралы. Сондай-ақ, пара берушілер мен делдалдардың парақорлықтағы жауапкершілігі күшейтілгенін атап өтті.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларды адалдыққа, парасаттылыққа, сатылмаушылыққа және азаматтар мен мемлекеттің мүдделеріне қызмет етуге, сондай-ақ ұжымда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға шақырды.
[xfvalue_img]