«Арын сатқан» мемлекеттік қызметшілерге қатысты жаза күшейтілді

«Арын сатқан» мемлекеттік қызметшілерге қатысты жаза күшейтілді

Бұл мәлімдемені Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ернар Баянғазин Мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеу департаменттерінің қызметкерлерімен кездесуде жасады.

Ведомство басшысы өз баяндамасында сыбайлас жемқорлық үшін жазаны қатайтуға қатысты заңнамадағы соңғы өзгерістерді көрсетті.

Бұдан былай ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынды. Сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарға қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару мекемелерінде бірден жазасын өтеу мүмкіндігі алынып тасталды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға да қатысты жаза күшейтілді.

«Енгізілген сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша МББ-ға тыйым салу күшті превентивтік құралына айналатынына сенімдімін. Әрбір мемлекеттік қызметкер енді заңды аттамас бұрын, жақсылап ойланатын болады деген үміттемін», - деді Баянғазин.

Облыстық ведомство басшысы атап өткендей, енді парақорлықтың ауыр құрамы үшін сотталғандар, ал бұл айтарлықтай (50-ден 3000 АЕК-ке дейін) және ірі (3000-нан 10000 АЕК-ке дейін) мөлшерде пара алу және беру, құқық қорғау органы қызметкерінің немесе судьяның пара алуы, парақорлыққа бірнеше рет делдал болу жазасын өтеу үшін орташа қауіпсіз ҚАЖ мекемелеріне, ал аса ірі мөлшерде (10000 АЕК – тен жоғары) пара алған немесе берген адамдар қауіпсіздігі жоғары мекемелерге жолданатын болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тағы бір жаңашылдық мемлекеттік қызметкерлер, Парламент депутаттары, судьялар үшін шетелдік банктердегі шоттарды ашуға және иеленуге тыйым салуды енгізуге қатысты.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы соңғы жылдары өңір аумағында аталған органдар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы елеулі бұзушылықтардың жоқ екенін атап өтті.

«Соңғы бес жылда Қаржы министрлігінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған 463 қызметшісі анықталды, оның ішінде 324 адам сотталды», - деп мәлімдеді спикер.

Сонымен қатар, Ернар Баянғазин алдын алу жұмыстарының басымдықтарын белгіледі. Оның ішінде: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, органдардың ашықтығы мен айқындығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, ақпараттық және ағартушылық жұмысты жүзеге асыру болып табылады.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.