Көктемгі дала жұмыстары аяқталуға жақын - ҚР АШМ

Көктемгі дала жұмыстары аяқталуға жақын - ҚР АШМ

 

ҚР Үкіметінің отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров еліміздегі биылғы көктемгі дала жұмыстарының барысы мен мал шаруашылығының дамуы туралы баяндады, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Бұрын хабарланғандай, биыл мемлекет 22,5 млн гектар алқапқа егін егуді жоспарлап отыр, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 238 мың гектарға артық. Бұл ретте жоғары рентабельді дақылдар мен импортты алмастыратын дақылдар үшін егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға ерекше назар аударылады. Майлы дақылдар алқабы 122,2 мың гектарға, көкөністер - 10 мыңға, бақша дақылдары - 1,5 мыңға, картоп - 7,8 мың гектарға, жемшөп дақылдары - 308,6 мың гектарға, қант қызылшасы - 2,4 мыңға гектарға ұлғайды.

Бұл ішкі нарықты өніммен қамтамасыз етуге және өңдеуші кәсіпорындар үшін шикізат көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Министрдің айтуынша, қазір 9,6 млн гектар жерге немесе жоспарланған жұмыс көлемінің 65% -на дәнді және бұршақты дақылдар себілген, сондай-ақ, 2,3 млн гектарға (76%) майлы дақылдар егілген. Қант қызылшасы (бөлінген жердің 93%), көкөніс пен бақша дақылдары, картоп егу (85%), мақта және көпжылдық (жемдік) шөптерді егу толықтай аяқталуда.

Сонымен қатар, Сапархан Омаров шаруаларды тұқым, жанар-жағар май, тыңайтқыштар мен қорғаныш заттармен қамтамасыз ету туралы да толықтай ақпарат берді.

2020 жылғы егістікке 2,5 млн тоннаға жуық тұқым жиналды, бұл толық қажеттілікті қамтамасыз етті. Көктемгі дала жұмыстарына шамамен 400 мың тонна арзан дизель отыны бөлінді, оның 259 мың тоннасы (65%) фермерлерге жөнелтілді.

Министрдің айтуынша, пестицидтерді субсидиялауға 37 млрд теңге қарастырылған, бұл фермерлерге 16,6 млн литр пестицид сатып алу шығындарын өтеуге мүмкіндік береді. Биыл алғаш рет гербицидтер ғана емес, сонымен қатар басқа да пестицидтер субсидияланады. Олар-фунгицидтер мен инсектицидтер.

Фермерлердің минералды тыңайтқыштарды сатып алуын субсидиялауға 26,2 млрд. теңге қарастырылған. Бұл 522 мың тоннаға жетеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 120 мың тоннаға көп. 25 мамырға дейін аграршыларға 395 мың тонна тыңайтқыш жеткізілді (жоспардың 76%), ал аймақтардағы қоймаларда қосымша 32 мың тонна бар.

Сапархан Омаров минералды тазарту мәселесінде оң өзгеріс барын атап өтті. Өңделген топыраққа жауапкершілікпен қарау Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында байқалады.

«Әкімдіктерге осы жағдайға ерекше назар аударуды және жоғары өнім алу үшін тыңайтқыш алу көлемін ұлғайтуды ұсынамыз», - деді АШМ басшысы.

       Бұдан бөлек министр көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мәселесіне де жеке тоқталды. «Кен Дала» бағдарламасы бойынша 2,4 мың шаруа қысқа мерзімде айналым капиталын толықтырды. Негізінен шағын және орта шаруа қожалықтары жылдық 5% -бен 70 млрд.теңге алған.

       Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында фермерлерді қаржыландыру басталды. 26 мамырдағы есеп бойынша 19,1 млрд теңгеге 331 өтінім қабылданды.

       Сонымен қатар, ауылшаруашылық өнімдерін форвардты сатып алу бойынша жұмыстар басталды. Атап айтқанда, бидай, арпа, майлы дақылдар мен қарақұмық сатып алуға 24,5 млрд теңге бөлінді, қазіргі уақытта 21,5 млрд теңгеге өтінімдер қабылданды.

       Жалпы алғанда, Сапархан Омаров бұрын-соңды болмаған түрлі жағдайларға қарамастан көктемгі дала жұмыстарына және шаруалардың жұмысына алдын-ала барлық жағдай жасалғанын айтты.

       «Көктемгі дала жұмыстарын уақтылы және сапалы орындау үшін барлық қолда бар ресурстар мен құралдар пайдаланылады, жоспарланған жұмыстардың барлығы оңтайлы шешіледі» - деп атап өтті, Министр.

       С.Омаров республикада мал басының  тұрақты өсімі 4% құрағанын  өтті. Дәлірек айтсақ, жыл басынан бері ірі қара мал басының өсуі 4,1%, қой мен ешкі - 2,7%, жылқы - 7,6%, шошқа - 1,6% құрады.

    Жалпы өнім көлемі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2,3 трлн теңгеге дейін өсті. Ет өндіру 3,6% -ға артып, 314 мың тоннаны құрайды, сүт 3,2% -дан 1,5 млн. тоннаға дейін жеткен. Малдың өңделген өнімдерін өндіру көлемі де өсуде. Сонымен қатар, шұжық өндірісі 20,9% -ға (18,8 мың тонна), ет консервілері 9% -ға (3 мың тонна) өсті. Сүт өнімдері үшін карантин кезеңінде сұраныстың төмендеуіне және негізгі шикізатты сақтау мерзімін ұзартатын сүт өнімдерін өндіруге бағыттауға байланысты өңделген сүтті қоспағанда, өсім 10% деңгейінде қалады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

123 пікір

  1. аватар
    Elvira 31 октября 2026 01:56

    The rise of online pokies Australia PayID platforms makes it easier than ever to
    spin top titles with one-tap banking. Finally, it’s crucial to keep in mind that this service operates within the existing banking system.
    Transaction limits vary, but many Aussie operators now support the $10 PayID
    casino real money minimum, making it easier to start with smaller bankrolls.

  2. аватар
    Susannah 1 ноября 2026 08:20

    Andere Zahlungsmethoden wie Kreditkarten, aber auch elektronische
    Geldbörsen wie Skrill oder Neteller ermöglichen nicht nur Einzahlungen, sondern auch Auszahlungen. Auch wenn die Einzahlungen mit verschiedenen Zahlungsmethoden wie in Online Casinos mit Klarna Zahlung schnell erledigt sind,
    gilt das nicht für die Auszahlung. Als Neukunde erhältst
    Du bei Ivibet übrigens einen hübschen Willkommensbonus, der sich
    auf die beiden ersten Einzahlungen verteilt und aus bis zu 300 Euro
    und 170 Free Spins besteht. Dies dürfte auch an den sehr
    schnellen Auszahlungen von Gewinnen liegen, die meistens schon innerhalb weniger Stunden über die Bühne gehen. Wähle zudem eine schnelle Zahlungsmethode wie
    PayPal, Trustly oder andere E-Wallets und prüfe die Bonus- sowie Auszahlungsbedingungen genau.
    Seriöse Online Casinos mit schnellen Auszahlungen gehören dank
    übersichtlicher casino einzahlung
    sofortüberweisung
    -Seiten, transparenter Bedingungen und effizienter Zahlungsabwicklung zu den Top-Adressen für schnelle Gewinne.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.