ҚР АШМ: фермерлер егіс алқабының төрттен бір бөлігін егіп үлгерді
Көктемгі дала жұмыстары еліміздің барлық аймақтарында қызу жүріп жатыр. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егістіктің жай-жапсарына талдау жасады.
15 мамырдағы мәліметке сәйкес, шаруалар 3 млн гектар жерге жаздық дәнді және бұршақ дақылдарын себуде. Бұл көктемгі дақылдарды егуге бөлінген жалпы алаңның 20% құрайды.
Майлы дақылдар қазірдің өзінде млн гектарға егілді. Бұл жоспарланған жұмыс көлемінің 32% құрайды.
309 мың га жерге көкөніс пен картоп салынды. Бұл жақсы көрсеткіш, яғни, жоспардың 65,5% игерілді деген сөз.
Көпжылдық шөптерді (228,5 мың га немесе 81,2%), мақтаны (101,7 мың га немесе 92,5%) және қант қызылшасын (20,4 мың га немесе 92,7%) егу аяқталуға жақын.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы ауылшаруашылық дақылдарының жалпы көктемгі егісі 18,6 миллион гектар жерге жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 300 мың гектарға көп. Бүгінгі таңда фермерлер 4,5 млн гектардан астам жерге немесе 25 пайызға отырғызды.
Айта кетейік, 2019 жылы 15 мамырда 2,2 миллион гектар немесе жалпы егіс алқабының 12% ғана егін егіп үлгерген болатынбыз.
[xfvalue_img]