Coca-Cola Belesteri – Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін жүйелі қолдаудың 13 жылы

Coca-Cola Belesteri – Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін жүйелі қолдаудың 13 жылы

Алматыда елдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған ең тұрақты әрі ауқымды бастамалардың бірі — Coca-Cola Belesteri әлеуметтік жобасының 13-маусымының жұмысы қорытындыланды.

Coca-Cola Belesteri - 2025 аясындағы үздік бизнес-идеялар байқауының финалистерін салтанатты марапаттау рәсімі Women in Business жыл сайынғы форумы шеңберінде Алматы қаласында өтті. Іс-шара кәсіпкерлерді, сарапшыларды және іскерлік қауымдастық өкілдерін бір алаңға тоғыстырды.  

Coca-Cola Belesteri («Өсу баспалдақтары») — Қазақстандағы бастаушы кәсіпкерлерге арналған білім беру жобасы. 2025 жылы жоба 13-рет өткізіліп, «The Coca-Cola Foundation» халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асырылды. Жоба онлайн-оқытуды, грант алу мүмкіндігі қарастырылған бизнес-идеялар байқауын және бизнес-акселератор бағдарламасын қамтиды. Бағдарлама қатысушыларға — ең алдымен әйелдер мен жастарға — идеядан бастап өз бизнесін іске қосуға дейінгі жолдан өтуге жан-жақты қолдау көрсетеді.

Ағымдағы маусымда бизнес-идеялар байқауына https://ccb.kz/ онлайн-платформасы арқылы 1 600-ден астам өтінім түсті. Сараптамалық іріктеу қорытындысы бойынша 19 жартылай финалист тәуелсіз қазылар алқасының алдында өз жобаларын қорғады. Нәтижесінде 11 қатысушы өз бизнесін іске қосу және ауқымын кеңейту үшін 1 млн-нан 1,8 млн теңгеге дейінгі грант сертификаттарына ие болды. Жеңімпаздардың қатарында 9 әйел және 2 ер адам бар, ал финалистердің шамамен жартысы 30 жасқа толмаған. Ең ірі — 1,8 млн теңге көлеміндегі грант Алматы облысынан шыққан кәсіпкер әйелге азық-түлік өнімдерінің органикалық өндірісін «жасыл» технологияларды қолдана отырып дамытуға берілді.

Грант жеңіп алған бизнес-идеялардың қатарында Қазақстанда өндірілетін құйма мәрмәр мен граниттен шұңғылшалар жасау, ұлттық салт-дәстүрлер өткізуге арналған киімдер мен атрибуттарды тігу және жалға беру, үй ірімшігін, тағамдар мен дәруменді батончиктер өндіру, ұлттық ою-өрнекпен безендірілген авторлық сөмкелер тігу, сондай-ақ аудио және видео-контент жазуға арналған подкаст-студия қызметін ұйымдастыру жобалары бар. Аталған бизнестердің барлығы форум аясында өткен көрме-жәрмеңкеде таныстырылды.

Coca-Cola Belesteri («Өсу баспалдақтары») жобасы жүзеге асырылған жылдар ішінде базалық оқытудан бастап гранттық қаржыландыруға және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге арналған әрі қарай даму бағдарламаларына дейінгі толыққанды қолдау экожүйесін қалыптастырды. Қазақстан бойынша 150 000-нан астам әйел тегін білім беру курстарынан өтті. Жобаның практикалық нәтижесі ретінде 10 100-ден астам шағын кәсіпорын ашылып, 13 300-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Тек 2025 жылдың өзінде жоба аясында 18 000-нан астам адам оқудан өтті. Бағдарламалар әйелдерге, жастарға және кәсіпкерлік тәжірибесі бір жылдан үш жылға дейінгі, бизнесін ауқымдауға дайын кәсіпкерлерге бағытталған. Білім беру бағдарламасы жыл сайын жаңа технологиялардың дамуына сәйкес қайта қаралып, жаңартылып отырады. Мәселен, 2025 жылы оған бизнестің тиімділігін арттыруға арналған жасанды интеллект құралдарын практикалық қолдану бойынша арнайы курс енгізілді.

2012 жылдан бері байқау жеңімпаздарының 178-і гранттық қолдауға ие болды. Олардың көпшілігі бүгінде өз өңірлерінде тәлімгер әрі үлгі болатын көшбасшылар ретінде танылып, жергілікті қауымдастықтардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға және өзара қолдау мәдениетін қалыптастыруға үлес қосып келеді.

«Біз қатысушыларымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз және олардың табысына сенімдіміз. Coca-Cola Belesteri — бұл кәсіпкерліктің әлеуетін жүйелі түрде қолдау және қалыптастыру. Жоба түлектері өз бастамаларын дамытып қана қоймай, еліміздің экономикалық болашағына елеулі үлес қосып келеді», — деп атап өтті "Әлеуметтік Динамика" қоғамдық қорының директоры Елена Ожго.

«Біз бұл жобаны қолдауды жалғастырып келеміз, өйткені оның табысты түрде кеңейіп, кәсіпкерлікті және жаңа жұмыс орындарын дамыту арқылы нақты пайда әкеліп жатқанын көріп отырмыз», — деді Александра Аккирман, Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі Coca-Cola компаниясының корпоративтік байланыстар және коммуникациялар жөніндегі директоры.

Жобаны The Coca-Cola Foundation, «Жасыл экономика және G-Global дамыту» коалициясы (Астана) және Coca-Cola Қазақстан компаниясының қолдауларымен «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры (Алматы қ.) ұйымдастырады.

Жоба өнімді жұмыспен қамтуды, орнықты дамуды және елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға қосқан үлесі үшін бірнеше мәрте кәсіби және мемлекеттік марапаттарға ие болды. Бұл оның шағын бизнесті қолдау саласындағы ең нәтижелі бастамалардың бірі ретіндегі мәртебесін айқындай түседі.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

95 пікір

  1. аватар
    Flor 31 октября 2026 01:54

    The three PayID pokies below are popular in Australia
    due to RTP, volatility, and bonus features. Some of the exciting crash games you’ll find
    include Super Beto Crash, Speed Crash, Dragon’s Crash,
    Big Bass Crash, and Crash X. You can find these at the best online casinos with PayID withdrawals for
    Australians, where you place your bet and try to cash out before the multiplier crashes.

    Most PayID casinos offer six or more baccarat variants, including Mini Baccarat, Speed Baccarat, and No Commission versions.

    There are different blackjack types, including Single
    Deck, Multihand, Bet Behind, Blackjack Surrender, Vegas Strip,
    Ultimate, and many others.

    References: https://sikhforum.de

  2. аватар
    Theresa 1 ноября 2026 03:06

    You'll need to key in your account details as well as that of the casino to ensure your transaction proceeds seamlessly.
    Select your preferred deposit amount, then sign in on your online bank portal.

    Plus, we highlight the best bank transfer casinos to play in 2026
    for an exceptional gaming experience. A fast payout casino processes withdrawals quicker
    than regular casinos, usually within 24 hours. You cannot control every delay, but
    you can remove most of the easy problems before they happen.

    References: greeneralia.net

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.