Ел экономикасы 8 айда 4,9%-ға өсті

Ел экономикасы 8 айда 4,9%-ға өсті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің қаңтар-тамыз айларында атқарылуы қаралды.

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлім еткендей, есепті кезеңде Қазақстан экономикасы 4,9%-ға өсті. Атап айтқанда, нақты сектордағы өсім 4,4%-ды, қызмет көрсету саласында – 4,8%-ды құрады. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалады, құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,2%-ды құрады. Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 49%-ға, білім беруде – 31,9%-ға, саудада – 30,1%-ға, ауыл шаруашылығында – 20,7%-ға, өнеркәсіпте – 8,5%-ға өсті.

Қаңтар-шілдеде республиканың сыртқы сауда айналымы 5,7%-ға өсіп, $79,5 млрд-ты құрады. Экспорт $44,8 млрд-қа жетті, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты – $14,2 млрд-қа, ал импорт – $34,7 млрд-қа, жалпы алғанда, оң сауда балансы $10 млрд-қа тең.

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың деректері бойынша есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 12,5 трлн теңге кіріс түсті немесе жоспар 97,2%-ға орындалды. Мәселен, республикалық бюджет 8,3 трлн теңгеге, жергілікті бюджеттер 4,2 трлн теңгеге толықты. Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,6%-ға, республикалық шығыстар – 99,3%-ға, жергілікті шығыстар – 98,3%-ға орындалды.

Премьер-Министр тұрақты экономикалық өсімге нақты сектор айтарлықтай үлес қосып отырғанын атап өтті. Мысалы, тау-кен өнеркәсібі мұнай өндіру көлемінің 6%-дан және табиғи газ өндірудің 3%-дан астам өсуі есебінен 4,3%-ға көтерілді.

Өңдеу өнеркәсібінде 3%-дан жоғары өсім тіркелді. Атап айтқанда, машина жасауда 28%-дан, оның ішінде автомобиль жасау саласында 42%-дан астам орнықты өсім қалыптасты.

Сонымен қатар өңдеу секторында жеңіл өнеркәсіп – шамамен 20%, резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару – 7%-дан астам, дайын металл бұйымдары – 6%-дан жоғары, азық-түлік өнімдері – 4% және химия өнеркәсібі – 3%-дан астам жоғары өсу қарқынын көрсетті.

Үкімет басшысы құрылыс секторында 11,4% тұрақты өсім қамтамасыз етілгенін айтты. Жалпы 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

8 айдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында барлық негізгі көрсеткіштердің өсімі тіркелді.

- «Қалған өңірлер нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс», — деді Премьер-Министр.

Қабылданған шаралардың арқасында тамыз айының қорытындысы бойынша инфляция 13,1%-ға дейін төмендеді. Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және тамақ өндірісін ынталандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруы тапсырылды.

- «Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің экономикалық өсімін орта мерзімді кезеңде 6-7% деңгейінде қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл – Үкімет пен әкімдіктер үшін маңызды міндет. Осы ретте, барлығымызға экономиканың негізгі бағыттарында және өңірлерде тиісті өсімді көрсету үшін тиімді шаралар қабылдауымыз керек», — деді Әлихан Смайылов.

https://primeminister.kz/kz/news/el-ekonomikasy-8-ayda-49-ga-osti-25497

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

113 пікір

  1. аватар
    Gail 1 ноября 2026 02:09

    For verified players at well‑run payid online casinos, most
    online casino PayID withdrawal requests
    are approved and paid on the same day, often within a
    few hours. Pay ID is not the only way to fund an account at casinos with PayID, but in 2026 it is often the most practical choice for Australian players across both payid pokies real money sessions and table game play.
    The casinos with PayID that made the final list earned
    their spots through consistent behaviour across all of those dimensions, not just one standout feature.
    We also looked at minimum deposit thresholds, because a
    PayID casino that requires AU$50 to get started serves
    a fundamentally different audience than one that opens at AU$15.


    References: https://lecomteyachts.eu

  2. аватар
    Marianne 1 ноября 2026 03:03

    You must comply with the limits when withdrawing money from instant bank
    transfer casinos in Australia. Online casinos that accept bank wire transfers must
    comply with various regulations. The most common alternatives to
    Instant Bank Transfer include e-wallets (Skrill/Neteller) and cryptocurrencies (Bitcoin).
    The platform is praised for excellent mobile compatibility, ensuring a seamless gaming experience across all devices.
    From traditional bank wire transfers to modern instant options, these platforms offer reliable casino payment methods for deposits and
    withdrawals. Apart from instant bank transfers, players can use
    various cryptocurrencies for transactions on this site.

    References: https://ewicare.com

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.