Әлихан Смайылов: ел экономикасы орнықты өсіп келеді

Әлихан Смайылов: ел экономикасы орнықты өсіп келеді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында осы жылдың қаңтар-ақпан айларындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды.

ҚР ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, есептік кезеңде Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,3%-ды құрады. Оның ішінде, нақты сектор 2,7%-ға, қызмет көрсету саласы 5%-ға өсті. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалып отыр, әсіресе, құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс салалары ең жоғары өсім көрсетті. Негізгі капиталға инвестициялар ағыны 19,2%-ды құрайды.

Биылғы сыртқы сауда айналымы 15,7%-ға өсіп, $10,3 млрд-қа жетті. Экспорт 0,4%-ға ұлғайып, $6,1 млрд-ты құрады, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты – 21,5%-ға 2,1 млрд-қа дейін, тауарлар импорты 4,2 млрд-қа жетті.

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың деректері бойынша мемлекеттік бюджетке шамамен 3,4 трлн теңге кіріс түсті (жоспар 107,6%-ға орындалды). Атап айтқанда, республикалық бюджетке – 2,5 трлн (жоспардың 100,5%-ы), жергілікті бюджеттерге – 882 млрд теңге кіріс кірді, барлық өңірлерде жоспар асыра орындалды. Сонымен қатар мемлекеттік бюджет шығыстары 95,8%-ға, республикалық шығыстар 96,5%-ға, жергілікті шығыстар 96,6%-ға орындалды.

Премьер-Министр ел экономикасы жыл басынан бері орнықты өсім көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, нақты секторда оң және тұрақты динамика байқалады. 

Мәселен, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 2,5%-ға, құрылыста – 13%-ға дерлік, ауыл шаруашылығында – 4%-ға, қызмет көрсету саласында – 5%-ға өскен. Оң тенденция машина жасауда – 31,5%, оның ішінде автомобиль өнеркәсібінде – 46,5%, локомотивтер мен вагондар өндірісінде – 34% байқалады. Фармацевтикада өсім 17%-ға дерлік, химия өнеркәсібінде – 3,5%-ды, жеңіл өнеркәсіпте – 34%-ды құрады.

Бұл ретте, азық-түлік өнімдерін шығару 10%-ға, минералды өнімдер – 8%-ға, дайын металл бұйымдары – 12,5%-ға өсті. Мұнай өңдеу 5,5%-ға артқан. Сондай-ақ электр энергиясын өндіру саласында – 4,5% және металл кендерін өндіруде – 2,5% өсім байқалады.

Есепті кезеңде барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң динамика Абай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында байқалады. Ең төменгі көрсеткіштер Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау және Жетісу облыстарына тиесілі.

-  «Сыртқы және ішкі сын-қатерлерді ескере отырып, алдағы айларда экономиканың тұрақты өсу қарқынын ұстап тұру өте маңызды. Осыған байланысты министрлер өңір әкімдерімен бірлесіп, экономиканы одан әрі әртараптандыру мен тұрақты жұмыс орындарын құруға басымдық беруі қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, іскерлік белсенділікті арттырып, экономиканы сапалы дамуы үшін ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту, жоспарланған инвестициялық жобалар пулын жүзеге асыру жұмысын күшейту қажет. Бұл әсіресе, шикізаттық емес салаларға қатысты.

Сонымен қатар, өңірлердегі бизнес-бастамаларды қолдау мақсатында Алматы мен Шымкент қалаларының тәжірибесіне сүйене отырып, индустриалды аймақтар мен шағын өнеркәсіптік парктерді одан әрі дамытуды қамтамасыз ету талап етіледі. 

- «Бизнеспен тұрақты түрде диалог жүргізіп, олар көтерген барлық түйткілді мәселелерді шешу қажет. Нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың нақты табысын арттыру негізгі басымдық», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Қорытындылай келе, Үкімет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудың және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық тәртіпті күшейту жөніндегі жұмысын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

10 пікір

  1. аватар
    Rusty 15 сентября 2024 17:20

    galaxy wearable не работает, как найти galaxy buds если потерял казахстан прошлое, настоящее,
    будущее сочинение, влияет ли прошлое
    на настоящее сочинение жүйе деген
    не информатика, биологиялық жүйе
    табиғатты қалай таза сақтауға болады, табиғатты қалай қорғаймыз эссе

    My homepage - мемлекет құқықтың ерекше
    субъектісі мемлекет белгілері

  2. аватар
    Wanda 18 сентября 2024 19:54

    аксонның соңғы тармақтары қызметі, аксонның
    тармақтары музарт улы дала,
    музарт құтты ұям скачать
    қоқыс деген не, қоқыс тастауға болмайды эссе python программалау тіліндегі файлдың түрлері, python программалау тілі мысал

    Visit my web site; тіркеу нөмірі перевод на русский

  3. аватар
    Damion 11 октября 2024 21:53

    снился что друг рядом к чему сниться покойная бабушка подруги молитва об решении сложной ситуации
    преследует число 66 и 666, число 66 во сне сонник муж носит жену на руках, во сне
    муж пришел домой

    Also visit my web-site: соответствие
    мастей таро обычных картах

  4. аватар
    Frieda 27 октября 2024 07:25

    математика ереже, ереже жазу dr.ceuracle tea tree purifine 70 toner отзывы, dr ceuracle tea tree purifine
    95 essence балбес это оскорбление, 1
    грамм мефедрона это сколько дорожек ару ана
    аккорды, мейрамбек токтар жан ана текст

    Feel free to surf to my web blog статистикалық кесте деген не

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.