НОТАРИАТТЫҚ ЖАЗБАНЫҢ АТҚАРУШЫЛЫҚ ПӘРМЕНІ КҮШЕЙТІЛДІ

НОТАРИАТТЫҚ ЖАЗБАНЫҢ АТҚАРУШЫЛЫҚ ПӘРМЕНІ КҮШЕЙТІЛДІ

Соттарға сенім - мемлекетке сенім болып табылады. Ұлт Жоспарының «100 нақты қадамы» аясында бұл бағытта айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесінің жетілдірілуі экономиканы модернизациялаудың және азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартудың маңызды аспектісі болып табылатындығын атап көрсетті.

Статистикалық мәліметтер мен әлеуметтік зерттеулер көрсетіп отырғанындай, Қазақстанда азаматтардың сот төрелігіне қол жетімділігі шектелмеген және шамамен алғанда жасы кәмелетке толған әрбір төртінші азамат сотқа қандай да болмасын дау мен қайшылықты шешу үшін қарым – қатынас жасайды. Дей тұрғанмен әрбір судьяға шаққандағы шамадан тыс жүктеме сот төрелігін атқарудың тиісті сапасына нұқсан келтірмеуі тиіс.

Мемлекет Басшысы сот жүктемесін азайту, азаматтық процесті оңайлатып, еліміздегі сот өндірісінің жеделділігі мен айқындылығын арттыру бағытында шаралар алуды тапсырды. Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2019 жылғы 21 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заңға қол қойды.

Аталған заң бойынша 42 заң актісіне, соның ішінде 11 кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Заңда сот жүктемесін оңтайландыру мақсатында істерді соттан прокуратураға беру жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар бар. Атап айтқанда, оңайлатылған (жазбаша) тәртіпте қаралатын он санаттағы талап сотта бұйрық өндірісімен қарауға; нотариустің атқарушылық жазба жасауы үшін сот бұйрығы шығарылатын тоғыз даусыз талап, сот орындаушыларының бірқатар қаулыларын санкциялау сот қарауынан алынып, прокуратураға берілді.

Статистикалық мәліметке сүйенетін болсақ, онда осы өткен 2018 жылы Батыс Қазақстан облысындағы азаматтық істерді қарауға құзіретті сот органдарымен 30 253 азаматтық іс, 47 448 сот орындаушылардың материалдары қаралған.

Соңғы екі жылдың бедерінде бұл көрсеткіштер еселей артты. 2016 жылмен салыстырғанда азаматтық іс 12 пайызға, сот орындаушылардың материалдары 81пайызға артып отыр. Осы дау-дамайлардың ішінде даусыз талаптар саны 6 709 – ға жетіп, 25  пайыз құрады. 

Заң қабылданып, қолданысқа енгізілсе де азаматтар нотариустердің құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша әлі де сотқа жүгініп, түсіндірме беруді талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкесті атқарушылық жазба, немесе тиісті қаулы негізінде мынадай даусыз талаптардан бережақтар өндіріледі:

1) нотариат куәландырған мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы;

          2) орындау мерзімі басталған және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген наразылыққа жауапта мойындаған, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы;

          3) нотариус жасаған, төлем жасалмауына, акцептінің болмауына және акцепт күнінің белгіленбеуіне вексель наразылығына негізделген міндеттемені орындау туралы;

          4) лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лизинг нысанасын талап ету туралы;

          5) ломбард кепіл беруші-борышкерге қойған, кредитті қайтару мерзімі өткен соң кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану туралы;

          6) қосымша шығыстарды өндіріп алу туралы талаптарды қоспағанда, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтаратын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы;

          7) төлеу мерзімі басталған, жария шарттар негізінде нақты тұтынылған қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін, сондай-ақ өзге де шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сәйкес көрсетілетін қызметтер үшін берешекті өндіріп алу туралы;

          8) жалдау төлемдерін жалдау шартында белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты өндіріп алу туралы;

          9) жұмыскерге есепке жазылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы."

Атқарушылық жазбаның орындаушылық парақ күші бар және ол бойынша өндіріп алу «Атқарушылық іс жүргізу туралы» Заң талаптарына сәйкес сот актілерінде көрсетілгендегідей мерзімде жүргізіледі.

 Атқарушылық жазбаға келіспеген жағдайда, борышкер оған он күн ішінде келіспеу негіздерін көрсетіп қарсылық білдіруге құқылы. Қарсылық үш жұмыс күні ішінде шешіліп, жазбаның күші жойылмаған жағдайда ол сот тәртібімен дауланады.

Бережақты өндіріп алудың бұл әдісінің артықшылықтары халыққа тиімділігінде. Мәселен, статистикалық мәліметтерге қарағанда Батыс Қазақстан облысында 2018 жылғы 12 айда коммуналдық төлемдерді өндіру жөнінде қаралған азаматтық істер түскен шағымдардың жалпы санының 25,5 пайызын құрап отыр. Ал, коммунальдық қызметтер мен пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) нотариустарға ақшаны өндіріп беру немесе басқа да қозғалатын мүліктерді борышкерден алып беруі туралы жүгіністер нәтижесі өз кезегінде сот тәртібімен қаралатын даулардың санын қысқартуға ықпал етеді.

Нотариат құзыреттілігіне берілген даулар сотта екі ай мерзімінде қаралса, жаңа тәртіппен талап екі күн ішінде шешіліп, қарсылық болмаған жағдайда орындауға жіберіледі.

Өздерінің құқықтары мен мүдделерін сот арқылы қорғауға мүдделі әрбір азамат, заңды тұлға туындаған дауларды неғұрлым қысқа мерзімде шешуге мүдделі және материалдық шығындарды төмендетудің жолдары дауласушы тараптармен арадағы сыйластық қатынастарды сақтап, уақытты үнемдеулеріне, алда болатын сот әбігерлерін болдырмауға қолайлы. 

Даусыз талаптарды шешу мақсатында соттан тыс тәртіпте нотариустарға жүгінушілік қоғамдағы шиленістілік деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Сонымен қатар, ақша қаражаттарының үнемделуі, атқарушылық жазбаның нотариалдық тариф бойынша нотариус арқылы жүзеге асырылуы сот шығындарынан айтарлықтай аз. Нотариат қызметіне алынатын ақы жеке тұлғалар үшін 0.2, заңды тұлғалар үшін 1 пайыз.

Сот бұйрығын беруден айырмашылығы, нотариустың орындаушылық жазба жасауы үшін борышкердің келісімі талап етілмейді.

Істің сотта қаралуымен салыстырғанда нотариалдық әрекет қысқа мерзім ішінде, тұлғалардың өз кестесіне сай, яғни олардың жұмыс ережелерін бұзбай жасалады. Себебі сотқа қарағанда нотариус бұндай әрекетті тараптардың келісімімен жұмыс күндерінен тыс мезгілде де жасауға құқылы.

Нотариаттық атқарушылық жазба негізгі қарыздар бойынша жүргізіледі. Өсімақы жөніндегі дау туғызатын талаптар сот тәртібімен қаралады.

Жалпы алғанда, нотариустың атқарушылық жазбасы - нотариалдық әрекеттің жаңа түрі ретінде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған оңтайлы тәртіп.

Ал, материалдарға келетін болсақ, кейбір атқарушылық әрекеттерді жасауға санкция беру құқығы прокуратура органына жүктелген және материалды қарау мерзімі 1 күннен 3 күнге ұзартылған. Заңның бұл бөлігі осы жылдың сәуір айында қолданысқа енгізіледі. 

Сонымен қатар, енгізілген өзгерістерге орай, Салық кодексінің 616 бабының 30-шы тармақшасында соттарда талап қоюшылар – әлеуетті өнім берушіні  немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қою бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылатындығы көзделген.  Осыған орай, мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс берушілердің қаперіне салынатын жай, әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап қойып, сотқа жүгінгенде мемлекеттік баж төленбейді.  

Нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар өз кезегінде сот жүктемелерін азайтып, басы артық дәлелдемені қажетсінбейтін даусыз талаптарды нотариустер арқылы тез шешуге қолайлы мүмкіндік туғызады. 

                                                 

         Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот  алқасының төрағасы

Қ.Т.Адранов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

47 пікір

  1. аватар
    Elana 31 августа 2024 02:27

    руны магия что это линия судьбы пересекается с линией здоровья к чему снится сгустки крови изо рта, сонник к чему снится есть краба чему сниться кровь своя
    заговоры ев продажу где колдун тарасов

  2. аватар
    Albertina 15 сентября 2024 04:00

    Have you ever thought about creating an e-book or guest authoring on other websites?
    I have a blog centered on the same topics you discuss and would really like to have you share some stories/information. I know my subscribers would appreciate your work.
    If you are even remotely interested, feel free to shoot me an e mail.


    Here is my web-site Obtenez votre
    hydroxyzine 10 mg rapidement

  3. аватар
    Delmar 18 сентября 2024 08:55

    жоғалған затты онлайн табу мүмкін бе?

    қайта өрлеу дәуірі философиясы, қайта өрлеу философиясының
    өкілдері мүсіндеу тех карта ұшақ, ұшақтар ойыны әлемдік өнертапқыштар, ұлы тұлғалар есімдері өнертапқыштар

  4. аватар
    Rodrigo 18 сентября 2024 14:09

    мешел ауруы витамин, рахит ауруы патогенезі тоғызқұмалақ
    туралы нақыл сөздер, тоғызқұмалақ туралы малимет
    ана туралы мақал, ана мен бала туралы мақал қазақстандағы ерекше ағаштар, әулие ағаштар туралы
    хабарлама

    Also visit my website ... маркетолог таңдау пәні

  5. аватар
    Bryant 24 сентября 2024 13:04

    дуру дуй дуй дуй, дүй дүй дүй музыка скачать адамның жеке табыс қалай арттыруға болады, адамның жеке
    табысын қалай арттыруға болады қмж су сапасына қойылатын талаптар, су сапасының көрсеткіштері вокал үйірмесі жоспары pdf, вокал үйірмесінің жылдық жоспары

    my blog құран бағыштау батасы

  6. аватар
    Shantae 15 октября 2024 09:58

    дос эссе, шынайы дос эссе қыз бала әкеге
    жақын, әкесінің қызы костанайшинсервис в кокшетау, купить резину на 16 в кокшетау квадрис цена, инсектицид купить

    Also visit my web site: ызғұтты
    абай жолы

  7. аватар
    Delilah 21 октября 2024 06:22

    творческий путь тютчева кратко, характер тютчева настройки интернета билайн 4g, автоматические настройки интернета билайн казахстан боксит өндіретін елдер, полиметалл
    экспорттаушы елдер мекен пысықтауыш мысалдар, пысықтауыш анықтауыш
    толықтауыш сұрақтары

    Also visit my blog - тұлға ұғымы білдіреді

  8. аватар
    Chi 3 ноября 2024 07:22

    подработка в калуге для пенсионеров чистый дом работа на дому шитья крым магазин погода в доме ульяновск адреса и режим работы подработка уборка
    квартиры в нижнем новгороде

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.