Сот төрелігіндегі «сотқа деген сенім» деген қағида
Сот – сот төрелігін жүзеге асыру, құқық бұзушылықтарға мәжбүрлеу шараларын қолдану жолдарымен қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғайтын мемлекеттік орган. Сот мемлекетпен бірге пайда болады, бірақ мемлекеттік механизмнің дамуы мен арнаулы мемлекеттік аппараттың құрылуына байланысты өз алдына жеке орган болып бөлініп шықан. Мемлекетке дейінгі қоғамда дау-жанжалды тайпа ақсақалдары не көсемі, ерекше ру жиналысы, арнайы алқа шешті. Яғни ел ішінде сенім мен құрметке ие адамдарға осы іспен айналысу, дәлірек адам тағдырын шешу жүктелген еді. 18-19 ғасырларда сотты және сот өндірісін ұйымдастырудың бірқатар демократиялық қағидалары алға шықты: сот пен заң алдында бәрінің тең болуы, сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығы, формальды дәлелдемелер жүйесінен бас тарту, кінәсіздік презумциясы. Соттар қызметі мемлекет механизмінің маңызды бөлігі ретінде сот билігін мемлекет атынан жүргізеді, ал сот актілерінің орындалуы мемлекет күшімен қамтамасыз етіледі. Дәстүрлі қазақ қоғамында сот қызметін билер атқарды. Алайды мүліктік, азаматтық дау-жанжалдың тараптары өзара келісім арқылы төрелік етушіні өздері таңдаған. Әдетте мұндай даулардың төрелігін сөзге шешендігімен және әділдігімен аты шыққан адамдарға, яғни елде сенім білдірген адамдарға тапсырған.
Қазіргі таңда сот жүйесі бұрынғыдан әлде неше дамыған. Сот жүйесінің жаңа үрдістері пайда болып жатыр. Алайда, осыған қарамай бұрынғы сот жүйесінен қалған «сотқа деген сенім» деген ең басты қағидатты ұмытпауымыз қажет. Осыған орай, қағидаға сай болып, осы бағытта жұмыстар атқарылуы қажет.
Астана қаласының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының
сот отырысы хатшысы
Бакашбаева А.Ж.
[xfvalue_img]
20 пікір