Қазақстан облыстарында кәсіпкерлерді тауарлардың цифрлық таңбалау жүйесінде жұмыс істеуге үйрете бастады
Тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторы Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, темекі бұйымдарының бөлшек саудасымен айналысатын қазақстандық бизнесмендерге арналған Петропавл, Көкшетау және Қостанай қалаларында тауарларды цифрлық таңбалау жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқыту семинарларын өткізді. Жалпы осындай семинарларды Қазақстанның тағы 15 қаласында өткізу жоспарлануда.
Семинар-тренинг барысында кәсіпкерлер «Naqty Sauda Akt» және «Naqty Sauda Kassa» мобильді қосымшаларымен жұмыс істеуге үйреніп, жалпы цифрлық өнімді таңбалау жүйесі туралы толығырақ ақпарат алды.
ЕАЭО елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да, цифрлық таңбалау екі өлшемді Data Matrix коды арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпкерлер оны өнім орамына басып шығарады, ал тұтынушылар оны арнайы қолданба арқылы сканерлей алады.
Сандық таңбалау экожүйесінде жалпы үш мобильді қосымша бар:
- Naqty Onim тұтынушыға таңбаланған өнім туралы барлық ақпаратты білуге мүмкіндік береді;
- Naqty Sauda Kassa 2D сканерін сатып алу мүмкіндігі жоқ бөлшек саудагерлерге арналған;
- Naqty Sauda Akt қабылдау-тапсыру актілерін растауға немесе қабылдамауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, семинар қатысушыларына «Автоматты түрде кәдеге жарату» сервисі ұсынылды, оның көмегімен кәсіпкерлер «Темекі өнімдері» өнім тобында таңбалау кодтарын автоматты түрде кәдеге жарату арқылы жеңілдетілген функция арқылы қабылдау және тапсыру актілерін растайды.
«Біз үшін әрбір кәсіпкердің жаңартылған Naqty Sauda Akt мобильді қосымшасының барлық нұсқаларына қол жеткізе отырып, өнімді таңбалаудың маңыздылығын және оның контрафактілік өніммен күрестегі рөлін түсінуі өте маңызды. Біз тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесіндегі жұмыстың әрбір кезеңін жақсартуға тырысамыз. Біз бизнеспен байланыс арналарын көбейттік: бізде тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны бар, вебинарлар, кездесулер, ақпараттық турлар өткіземіз. Нарық қатысушыларымен бірлесе отырып, біз тауарларды цифрлық таңбалауға қатысты әрбір мәселені егжей-тегжейлі пысықтап жатырмыз», - деді өнім тобының жоба менеджері Лейла Мұстафина.
Есктеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 13 шілдесінде цифрлық таңбалау темекі өнімдерін сәйкестендіру үшін бұрын қолданылған акциздік таңбаның функциясын толығымен ауыстырды. Енді цифрлық таңбалау коды жоқ темекі өнімдерінің айналымы үшін жосықсыз кәсіпкерлердің тауарлары тәркіленіп, лицензиясынан айырылып, айыппұл төлеуге міндетті болады.
«Барлық темекі өнімдері арнайы код түріндегі сәйкестендіру құралдарымен таңбаланады. Сондай-ақ, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі өнімдерін акциздік таңбалармен таңбалау алынып тасталды, осыған байланысты Қазақстан Республикасына тасымалданаты барлық темекі өнімдері тек сәйкестендіру құралдарымен таңбаланады», - деді Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әкімшілік басқармасының акциздік салық басқармасының басшысы Ержан Шүлембеков.
Ағымдағы жылдың тамыз айында Қазақстанға таңбаланбаған 4 миллион қораптан астам темекі заңсыз әкелінген. Аталған бұзушылықтар бойынша бюджетке төленетін кедендік төлемдер, салық пен акциздердің сомасы 1,2 млрд теңгені құрады.
Темекі өнімдерін таңбалау ережелерімен мына жерде танысуға болады. Сұрақтар туындаған жағдайда, кәсіпкерлер тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына 8 800 080 6565 нөмірі бойынша хабарласа алады.
Цифрлық экономиканы дамыту орталығының баспасөз қызметі
Баспасөз хатшысы Алтынгүл Жанабай
[xfvalue_img]
56 пікір