АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРДІ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРДІ

Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мақсатында облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшылығының және Қорғалжын ауданы әкімінің, сондай-ақ аудандық әкімдік өкілдерінің және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен бейнеконференцбайланыс режимінде лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс шеңберінде ҚПК-нің 200-бабының тәртібімен енгізілген ұсынуды қарау бойынша кездесу өткізілді.

Атап айтқанда, сотқа дейінгі тергеу барысында Қорғалжын ауданы әкімдігінің мен ауылдық округтерінің бірінің мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманың, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын бұзудан көрінетін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны анықталды.

Ұсыну аясында аудан әкімдігі кінәлі тұлғалардың бірін қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар, өңірлік Әдеп жөніндегі кеңес ауылдық округ әкімін қызметінен босату туралы мәселені қарауды ұсынды.

Кездесу барысында аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев кездесуге қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңа түзетулерді түсіндіріп, жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.

«Өткен жылы қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша біз сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы 88 ұсыну енгіздік, оның жартысы - жергілікті атқарушы органдарға. Бұл сыбайлас жемқорлықтың тиісті алдын алудың жоқтығын, өткізілетін іс-шаралардың формалды тәсілін куәландырады. Сондықтан әрбір басшыны парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға, сондай-ақ ашықтық және айқындық қағидаттарын қамтамасыз етуге ерекше назар аударуға шақырамын. Естеріңізге сала кетейін, басшылар бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін тікелей жауапты», - деді Мұрат Төлеубаев. 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.