Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ақпараттық-ағарту штабының жылдық жұмысы қорытындыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ақпараттық-ағарту штабының жылдық жұмысы қорытындыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан азаматтардың сенімі мен адалдық пен парасаттылық қағидаларына бейімділігін артыру мақсатында құрылған Ақпараттық-ағарту штабының жылдық жұмысын қорытындылау бойынша кеңес өтті.

Іс-шараға Агенттіктің және аумақтық департаменттердің басшылығы, сондай-ақ жергілікті ақпараттық-ағарту штабтарының жетекшілері мен қоғам өкілдері қатысты.

Республикалық штабтың жетекшісі Ырза Тұрсынзада құрамында Мырзатай Жолдасбеков, Ермек Тұрсынов, Ғосман Төлеғұл сияқты беделді қоғам белсенділері бар штабтардың қызметі жемқорлыққа мүлдем төзбеушіліктің іргетасын қалауға мүмкіндік бергенін атап өтті. Оның дәлелі ретінде өткен жылы жасалған жұмыстардың алғашқы оң нәтижелерін келтіруге болады.

Оның айтуынша онлайн форматта штабтың 400 мүшесі өткізген 5 мыңға жуық іс-шарамен 1,2 млн азамат қамтылды. Әрбір шара ұлттық мәдениет пен бабалар мұрасы арқылы рухани құндылықтарды тәрбиелеуге мақсатты бағытталған құрал болып табылады

Ы. Тұрсынзада сөз арасында «Жүзіңде ұят пен адалдық болсын, Ісіңде әркез адамдық болсын» - деген халық даналығын қоса кетті.

Сонымен қатар, парасаттылық идеясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жастар арасында халық шығармашылығы арқылы қалыптастыру мақсатында еліміздің әр өңірінен 16 айтыс ақыны қатысқан Antikor-айтыс және Antikor Terme онлайн жобалары ұйымдастырылды.

Жиын барысында Шымкент қаласы, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының штаб жетекшілерінің  баяндамалары тыңдалып, оң тәжірибелері өзге өңірлерге үлгі ретінде мысал етілді.

Өз кезегінде Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев ақпараттық-ағарту штабының басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық идеологиясын ілгерілету екенін назарға алды. А. Шпекбаевтың пікірінше, әрбір өңір, тіпті ауылдық аймаққа дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты түбегейлі сіңіруі маңызды. Ол үшін аудандық деңгейде ақпараттық-ағарту штабтарының жұмысын ұйымдастыру қажет.

Кездесу соңында ағарту жұмысына халық арасында абыройға ие белсенді азаматтарды, оның ішінде жастарды және әдеп жөніндегі уәкілдерді кеңінен тарту қажеттігі айтылды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 4

1 пікір

  1. аватар
    Зоя 29 января 2021 00:39

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер! Керемет осындай әділдікке,адалдыққа,парасаттылыққа жетелейтін тұлғалар көбейе берсін!????????????✊

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.