ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА
ШҚО ақпараттық-ағартушылық штабы төтенше жағдай режимінде түсіндіру жұмыстарын әлеуметтік желілердегі штабтың ресми аккаунттарында тұрғындар үшін өзекті мәселелер бойынша белсенді жүргізуде.
Атап айтсақ, штабтың Instagram-дағы anticor_shtab_vko аккаунтына ШҚО Өскемен және Семей қалаларында карантин кезінде шектеу шараларына қатысты аймақ тұрғындарынан көптеген сұрақтар келіп түсуде. Штаб мүшелері келіп түскен барлық хабарламаларға дер кезінде әрі толық жауап береді.
Сондай-ақ, өңірлік ақпараттық-ағарту штабының басшысы, қоғам қайраткері Арайлым Есімбекова "Аntikor ortalygy" базасында ТЖ кезінде шектеу нормаларын түсіндіріп, қабылданатын шаралар жөнінде тікелей эфир-брифинг өткізді.
Аталған штаб сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық санасын арттыру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен құрылды.
[xfvalue_img]