ВАК шешімі: ҚРКФ қонақүйлері мен шипажайлары жұмысын 1 маусымнан бастап қайта жандандырады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ведомствоаралық комиссия қазіргі эпидемиологиялық жағдай туралы мәселелерді қарастырып, қызмет көрсету салаларын, солардың қатарында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясына қарасты шипажайлар мен қонақ үйлер қызметін бұрынғы өндірістік қалпына келтіріп және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған нақты шешімдер қабылданды.
Үстіміздегі жылдың 1 маусымынан бастап қызметке рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің тізіміне ҚРКФ санаторийлері мен қонақ үйлерін қосу мүмкіндігін қарастыру туралы бастаманы жиналыс барысында ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев жеткізді. Ол өз сөзінде демалыс кезеңінің басталуына байланысты Кәсіподақтар федерациясына демалыстарын ұйымдастыру мен сауықтыруға қатысты қызметкерлерден көптеген өтініштер түскенін айтты.
Мұхтар Тінікеевтің айтуынша, Қазақстанда Төтенше жағдай жарияланып және карантиннің енгізілген алғашқы күнінен бастап, ҚРКФ мүмкіндіктеріне қарай коронавирустық пандемиямен күресте мемлекет пен қоғамды қолдауға қатысты шаралар қабылдады.
Пандемияның таралу қаупін азайту үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төтенше жағдай кезінде мемлекеттің қажеттіліктері үшін бірнеше активтерін беруге шешім қабылдады, олар: Алматы қаласындағы «Көктем» шипажайы, Қызылорда облысындағы «Жаңақорған», Жамбыл облысындағы «Меркі», сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ақмолатурист», Павлодар қаласындағы «Сарыарқа» және Өскемендегі «Өскементурист» қонақүйлері.
КРКФ кәсіподақтарындағы шипажайларына карантин жарияланған сәттен бастап үш мыңнан астам адам орналастырылды, олардың ішінде медицина қызметкерлері, полиция қызметкерлері және коронавируспен күреске тартылған басқа да қызметкерлер, сонымен қатар вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлер де болды.
Осы уақыт ішінде мекеме басшылығы мен қызметкерлері олардың толықтай демалуы және қауіпсіз өмір сүруі үшін ең қолайлы жағдайларды жасады.
Сонымен бірге, ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары жоғарыда аталған субъектілердің қызметін мәжбүрлеп тоқтата тұру айтарлықтай қаржылық шығындарға алып келгенін де атап өтті.
Кәсіподақ санаторийлерінің жұмысын қайта жандандыру, оның айтуынша, жұмысы мәжбүрлі түрде тоқтап тұрған екі мыңнан астам жұмыскердің жұмысқа оралуына, сонымен қатар жұмысшылардың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде Мұхтар Тінікеев барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптардың сақталуы ҚРКФ арнайы бақылауында екеніне сендірді.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары федерациясының қонақ үйлері мен санаторий-сауықтыру кешендерін, сондай-ақ ел аймақтарындағы курорттық, емдеу-сауықтыру мекемелері қызметін қалпына келтіру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Анықтама үшін: ҚРКФ санаторлық-сауықтыру кешеніне 8 санаторий кіреді – «Көктем» (Алматы), «Мерке» (Жамбыл oблысы), Манкент (Түркістан облысы), Мойылды (Павлодар облысы), « Щучинский» (Ақмола облысы), «Жаңақорған» (Қызылорда облысы), Ақжайық (БҚО), Сосновый Бор (Қостанай облысы), Алакөл (Шығыс Қазақстан) және 4 туристік қонақ үйлер (Нұр-Сұлтан, Павлодар, Қостанай, Өскемен)
Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
32 пікір