Карантинге жатқызылған өнімдерді заңсыз тасымалдағандарға 22 млн тенге айыппұл салынды
Жыл басынан бері фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу барысында карантинге жатқызылған өнімді ел аумағына әкелу кезінде 600-ден астам заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.
Оның ішінде: фитосанитарлық сертификаттың болмауы - 388, карантиндік организмдердің анықталуы – 13, таңбалаудың болмауы - 17, фитосанитариялық сертификаттың сәйкес келмеуі – 9, карантинге жатқызылған өнімнің келіп түскен жері бойынша екінші тексеруге ұсынылмауы - 60, басқа жол арқылы алып өту - 4, фитосанитариялық талаптардың бұзылуы бойынша - 45 жағдай, қол жүгіне тыйым салу бойынша - 79 заң бұзғандар анықталды.
Көбіне заң талаптарын бұзғандар Ресейден (439 заң бұзушылық), Өзбекстаннан (110), Ираннан (33) тіркелген.
Анықталған жағдайларға байланысты АШМ мемлекеттік инспекторлары тарапынан заң аясында тиісті шаралар қабылданды. 332 мәрте жалпы көлемі 10,2 мың тонна карантинге жатқызылған өнім кері қайтарылды, залалданған өнімнің бір партиясы толық жойылды. Жалпы 22,1 млн.теңге сомасында айыппұл салынып, 384 әкімшілік жаза қолданылды.
Қазақстан аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелу кезінде анықталған жағдайлар бойынша экспорттаушы елдерге 105 нотификация жіберілді.
[xfvalue_img]