Ақпараттық жүйелер: Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу саласында Агенттік алдын алу қызметінің тиімді құралы ретінде
«Атамекен» ҰКП-мен өзара іс-қимылдың жаңа форматы арқасында Агенттік қызметкерлеріне «Сатып алу бірыңғай терезесі» веб-порталында Қазақстанның 5-ТОП сауда алаңы қолжетімді болды.
Енді барлық мемлекеттік мекемелердің, жер қойнауын пайдаланушыларының, ұлттық компаниялардың, даму институттарының және елдің аграрлық секторының сатып алу жоспарларын бір ресурста көруге болады. Бұның барлығы мемлекеттік сатып алуды және квазимемлекеттік сектордағы сатып алуды бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұл ақпараттық жүйе онлайн режимінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау функционалына ие.
Оған сыбайлас жемқорлық көріністер, мысалы, негізсіз төмендетілген немесе көтерілген бағалар, жеткізудің қысқа мерзімдері, нақты жеткізушілерге деген артықшылықтар және басқа да бұзушылықтар жиі куәландырады.
«Сатып алудың бірыңғай терезесі» осы ауытқушылық көрсеткіштердің барлығын көрсетеді, ал тәуекелді шарттар бойынша мәліметтерді жүктеп алу сатып алудың камералдық талдауын жеңілдетеді.
Агенттік веб-портал арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті тұрақты негізде жүргізеді.
Қазірдің өзінде Қаржы министрлігіне және 16 бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне (әкімдіктер – 11, мемлекеттік органдар – 5) 5,5 млрд теңгеден астам сомаға жоспарлы сатып алу бойынша 1,6 млрд теңге (27%) үнемделді.
Нәтижесінде, тек бір айдың ішінде Агенттіктің ұсынымдары бойынша 9 мекеменің сатып алуы тоқтатылды, 1 тапсырыс берушімен ұсынылған баға көлемі өзгертіліп, 2-еуі бойынша – бағаларға түзетулер енгізген (сатып алу сомасын өзгертпей). Бюджеттік қаражаттың жалпы үнемделуі немесе ұтымды жұмсалуы 800 млн-ға жуық теңгені құрады.
Осыған ұқсас жұмысты Агенттіктің аумақтық департаменттерінде ұйымдастыру жоспарлануда.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Агенттікте аумақтық департаменттердің сатып алу мониторингін жүргізуге жауапты қызметкерлері веб-порталдың функционалын пайдалану бойынша оқытудан өткізілді. Тәжірибелік сабақты «Атамекен» ҰКП бизнес-талдаушылары Куат Қожабеков, Дамира Бектиярова жүргізді.
«Атамекен» ҰКП-мен осындай бірлескен жұмыс мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал етеді.
Жалпы, әзірлеушілер атап өткендей, аталған ақпараттық жүйенің тиімділігі, біріңғай «Сатып алу туралы» Заңын қабылдау туралы мәселесі шешілген жағдайда, айтарлықтай жоғарылайды.
Тиісті тапсырма Мемлекет басшысымен а.ж. 24 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілді.
[xfvalue_img]