«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» сатып алу жүйесін жетілдіруде
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып салу жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізуде. Атап айтқанда, қордың қоржын компаниялары арасында, өзара сатып алуды жүзеге асыру мүмкін болған жағдайда, сатып алуды қажет ететін тауар, жұмыс және қызмет тізімі 10 есеге қысқарды. Осылайша, 4,5 мыңды қамтыған тізім 424-ке дейін азайды. Яғни, кәсіпкерлер үшін сатып алу бойынша номенклатура тізімі 4 мыңға дейін ұлғайды.
Қор қоржын компаниялары үшін сатып алу кезінде бағасы 50 000 АЕК-тен (120 250 000 тенге) асатын тауарлардың нарықтағы орташа құнын алдын ала анықтау механизімін міндеттемек. Бұл - Қордың қоржын компаниялары құны асыра шарықтаған тауар түрлерін сатып алмауы мақсатында жасалған қадам.
Сондай-ақ, Қор барлық келіп түскен өтініштерді талдап, «Алдын-ала біліктілігі бойынша іріктеу» рәсіміне бірқатар өзгерістер енгізбек. Осылайша, «Алдын-ала біліктілігі бойынша іріктеу» арқылы жүзеге асатын сатып алу процедурасында баға ұсыныстарын сұрау қажет етілмейтін болады. Көбінесе, мұндай сатып алу процедураларына шағын бизнес өкілдері қатысады және олардың басым дені қажетті біліктілік деңгейін растай алмайды.
Сонымен қатар, алдын-ала біліктілігі бойынша іріктеудің ашықтығын арттыру үшін сатып алу жүйесіндегі шағымдар мен арыздарды қарастыратын коммиссия құрылады. Оған Қордың, «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлері Ұлттық палатасның өкілдері және тәуелсіз адиторлар мүше болады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың шілде айында «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ электрондық сатып алуларды жүзеге асыратын жаңа порталды іске қосады. Қазақстандық компания құрастырған жаңа платформадатауар, жұмыс және қызмет қажеттілігін жоспарлаудан бастап, сатып алуды өткізу, шартты бекіту және іске асыруға дейінгі барлық цикл орындалады.
Сатып алу барысының бір платформада жүзеге асырылуы - Қорға онлайн тәртіпте тиісті процедураларға сараптама жүргізуге, сапалы және біртұтас талдау жасауға, қателіктерді анықтауға және Жеткізушілер тарапынан түскен шағымдарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Электрондық сатып алудың жаңа алаңы ИСЭЗ 2.0 (электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі) Тапсырыс берушілер мен Жеткізушілерге электрондық платформаны қолдану кезінде қолайлы жағдайлар жасайды. Бұл өз кезегінде электрондық алаңды сүйемелдеу шығындарын қысқартып, сатып алудың ашықтығын Blockchain технологиясы арқылы қамтамасыз етеді.
Бүгінде Сатып алу ережелерінің негізгі талаптары және нормалары бойынша 117 «тәуекел бейіні» әзірленді және белгіленді, критерийлері анықталды және тәуекелдерді бағалау нақтыланды.
Іске қосылатын жүйе 77 «тәуекел бейінін» қамтуға мүмкіндік береді. Бұл жалпы көлемнің шамамен 65,81% құрайды. Қалған 34%-ы немесе 40 «тәуекел бейіні» камералды бақылау арқылы сарапталады.
Мәселен, егер Тапсырыс беруші сатып алу кезінде Сатып алу ережесін бұзса, онда жүйе автоматты тәртіпте осы секілді «тәуекелдерді» бұзушылықтар түрі бойынша тиісті файлда сақталады және оларды қарастыру үшін Қордың сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органға (Сатып алуды бақылау және мониторинг департаменті) жолданады.
«Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ
Жұртшылықпен байланыс департаменті
[xfvalue_img]